ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов дүниеден өтті

91fbd0976f2942b2d803e2901415af03«Кеше ҚР Мемлекеттік және саяси қайраткері, үшінші-төртінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің төрағасы, Мемлекет басшысының сенімді серіктесі Орал Мұхамеджанов ауыр сырқаттан кейін көз жұмды. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қытайға жасаған сапарын үзіп, елге қайтып келе жатыр. Біз Орал Мұхамеджановтың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Қазақстан патриоты, досымыз және әріптесіміз біздің жүрегімізде мәңгі қалады», - деді Мәжіліс төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко. Орал Байқонысұлы Мұхамеджанов 1948 жылы 11 қарашада туған. 1971 жылы Новосібірдегі кооперативтік сауда институтын бухгалтер-экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген, саясаттанушы. Қазақстан Республикасының 13-і шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау және кадр саясаты басқармасының Мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеген. Төрағалыққа сайлау алдында Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған. 2004 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы болып сайланды. 2008 жылы ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасы болып қайта сайланды. 2012 жылдың қаңтарында ҚР Парламенті Мәжілісі V шақырылымының депутаты болып сайланды. «Нұр Отан» Халық-Демократиялық партия тізімі бойынша сайланды. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

bnews.kz