Теңге девальвацияға ұшырамайды

icon150Бүгiн Парламент Сенатының отырысында ҚР Ұлттық банкінің жақында ғана сайланған төрағасы Қайрат Келiмбетов Теңгенің девальвацияға ұшырамайтынын айтты. «2009 жылы Григорий Марченко Ұлттық банк төрағасы ретiнде тағайындалғанда девальвация жүргiзiлген болатын. Менiң тағайындалуыма байланысты осыған ұқсас жағдай орын алмайды ма деген сұрақтар туындауда. Алаңдауға ешбiр негiз жоқ екендiгiн тағы да бiр рет атап өткiм келедi. Ұлттық валютаның курс бағамына әсер ететiн негiзгi саясаты ешбiр өзгерiске ұшыраған жоқ. Ұлттық банк теңгенi айырбастау курсын күрт өзгертпеуге қатысты саясатын жалғастыратын болады. Мемлекет басшысы да өз сөзiнде Ұлттық банк саясатында ешбiр өзгерiс болмайды деп айтқан болатын», - дедi Қ.Келiмбетов. Бұл мәселенің мұнай бағасына және Ресей валютасына да қатысты екеніне тоқталып өтті.