Теңге девальвацияға ұшырамайды

3
867

Бүгiн Парламент Сенатының отырысында ҚР Ұлттық банкінің жақында ғана сайланған төрағасы Қайрат Келiмбетов Теңгенің девальвацияға ұшырамайтынын айтты.

«2009 жылы Григорий Марченко Ұлттық банк төрағасы ретiнде тағайындалғанда девальвация жүргiзiлген болатын. Менiң тағайындалуыма байланысты осыған ұқсас жағдай орын алмайды ма деген сұрақтар туындауда. Алаңдауға ешбiр негiз жоқ екендiгiн тағы да бiр рет атап өткiм келедi. Ұлттық валютаның курс бағамына әсер ететiн негiзгi саясаты ешбiр өзгерiске ұшыраған жоқ. Ұлттық банк теңгенi айырбастау курсын күрт өзгертпеуге қатысты саясатын жалғастыратын болады. Мемлекет басшысы да өз сөзiнде Ұлттық банк саясатында ешбiр өзгерiс болмайды деп айтқан болатын», – дедi Қ.Келiмбетов. Бұл мәселенің мұнай бағасына және Ресей валютасына да қатысты екеніне тоқталып өтті.

 

 

3 ПІКІРЛЕР

  1. Біздің банктердегі ақшаның жартысынан көбі Марченканыки емес пе. Енді оның өзімен бірге ақшалары да кетеді. Доллар өседі, теңге құнсызданады. Еврейскии саясат қайда барсан да

  2. Қазақтың теңгесінің құны кетіп барады күннен күнге. Осыдан 10 шақты жыл бұрындары көрші өзбектерге күлуші едік: «бір дорба ақшаға 5 кулше нан аласың, ақшасының тұқымы құрысын» -деп. Сол кейіп өз теңгемізге келді. Бірде пойызда сапарлас апамыз: қанша жалақы аласың дейді: 50 мың теңге десем, «базардың сыртынан ғана қайтады екенсің, жәй қызықтап» -деп еді. Расында қазір біздің теңгеміздің қауқары төмендеп барады. Осыны ойланса екен, бас қазынашы ағамыз.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз