«Атамекен Одағы» кәсіпкерлердің ұлттық палатасы бос орындарға конкурс жариялайды

1
1327

«Атамекен Одағы» кәсіпкерлердің ұлттық палатасы 350 бос орынға конкурс жариялады. Бұл туралы хабарландыру олардың ресми сайттарында кеше жарық көрді.

ІІІ категориялы сарапшы және мамандарға қойылған еңбекақы құны 200 мың теңгеге сәйкес келеді, ІІ категориялы мамандар – 300 мың теңге, І категориялы мамандарға – 400 мың теңге. Сонымен қатар кәсіпкерлер палатасы бөлім басшыларын, комитет секретариаттарының орынбасарларын және департамент директорларын 425-500 мың еңбекақымен жұмысқа қабылдайды.

Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы барлығы 351 бос орынға конкурс жариялады. Конкурсқа қатысушы талапкер міндетті түрде ҚР азаматы болуы тиіс. Ол арнайы қойылған талаптарға сәйкес келсе, конкурсқа қатысуға өтініш білдіре алады.

Конкурс реттілігі бойынша, алдымен кандидат арнайы ұсынылған резюме формасын толтырады. Резюмеде көрсетілген ақпараттар конкурс жариялаушы жақты қызықтырса, кандидаттарды әңгімелесуге шақырады.Толық ақпаратты «Атамекен одағы» кәсіпкерлердің ұлттық палатасының ресми сайтынан білуге болады.

qazaquni.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз