30 қыркүйек күні тағы да протон зымыраны ұшырылады

photo_10314230 қыркүйек күні қазақ елінің көгіне тағы да қауіпті «Протон» ракетасының ұшырылады. Бұл туралы «Казкосмос» бастығының орынбасары Еркін Шаймағамбетов «Байқоңыр» космодромы туралы өткен баспасөз мәслихатында хабардар етті. «Ғарышқа «Протон» ракетасы ұшырылмас бұрын ғарыш мамандары және «Ғарыш экология»кәсіпорнының білікті экологтары жан-жақты зерттеу мен тексеру жұмыстарын жүргізді. Алғашқы төрт кезеңнен тұратын детоксация әрекеттері сәтті аяқталды. Үшінші детоксациядан кейін аймақтың жер қыртысында гептил мөлшерінің азайғанына көз жеткіздік. Ұшақ апатынан кейін жұмыс жүргізіп жатқан экологтар жерді гептилдің қауіпті элементтерінен тазалау мақсатында микробиологиялық тазарту әрекеттерін жүргізіп жатыр. Бұл жұмыс үш жылға дейін жалғаспақ... Біз 30 қыркүйек күні «Протон-М» зымыранын ұшыруға келісім бердік» – деді Еркін Шаймағамбетов. Осы отырыста сөз алған «Роскосмос» төрағасының орынбасары Александар Лопатин екіжақты келісімде Қазақстан жағының келісімінсіз «Протон» зымыранының ұшырылмайтынын айтты. Алайда, қазақ БАҚ-да жарияланған келісімдер немесе қарсылық білдіру ресми келісімге жатпайтынын да атап өтті. Сондай-ақ ресейлік өкіл гептилмен зақымданған Байқоңыр қаласына жақын маңдағы аймақтарда 3 жыл бойы тазарту жұмыстарына Ресейдің де белсене араласатындарын айтып өтті. Бүгінгі таңда «Астра-2Е» ғарыш аппаратымен қоса «Протон-М» зымыраны Байқоңыр ғарыш айлағына жеткізіліп, ұшуға дайын тұр.