30 қыркүйек күні тағы да протон зымыраны ұшырылады

5
1659

30 қыркүйек күні қазақ елінің көгіне тағы да қауіпті «Протон» ракетасының ұшырылады. Бұл туралы «Казкосмос» бастығының орынбасары Еркін Шаймағамбетов «Байқоңыр» космодромы туралы өткен баспасөз мәслихатында хабардар етті.

«Ғарышқа «Протон» ракетасы ұшырылмас бұрын ғарыш мамандары және «Ғарыш экология»кәсіпорнының білікті экологтары жан-жақты зерттеу мен тексеру жұмыстарын жүргізді. Алғашқы төрт кезеңнен тұратын детоксация әрекеттері сәтті аяқталды. Үшінші детоксациядан кейін аймақтың жер қыртысында гептил мөлшерінің азайғанына көз жеткіздік. Ұшақ апатынан кейін жұмыс жүргізіп жатқан экологтар жерді гептилдің қауіпті элементтерінен тазалау мақсатында микробиологиялық тазарту әрекеттерін жүргізіп жатыр. Бұл жұмыс үш жылға дейін жалғаспақ… Біз 30 қыркүйек күні «Протон-М» зымыранын ұшыруға келісім бердік» – деді Еркін Шаймағамбетов.

Осы отырыста сөз алған «Роскосмос» төрағасының орынбасары Александар Лопатин екіжақты келісімде Қазақстан жағының келісімінсіз «Протон» зымыранының ұшырылмайтынын айтты. Алайда, қазақ БАҚ-да жарияланған келісімдер немесе қарсылық білдіру ресми келісімге жатпайтынын да атап өтті. Сондай-ақ ресейлік өкіл гептилмен зақымданған Байқоңыр қаласына жақын маңдағы аймақтарда 3 жыл бойы тазарту жұмыстарына Ресейдің де белсене араласатындарын айтып өтті.

Бүгінгі таңда «Астра-2Е» ғарыш аппаратымен қоса «Протон-М» зымыраны Байқоңыр ғарыш айлағына жеткізіліп, ұшуға дайын тұр.

5 ПІКІРЛЕР

  1. ДАМЫЛСЫЗ ПОРТОН ҰШЫРЫП ҚАЗАҚ ЕЛІН БАСЫНЫУ ТОҚТАСА ЕКЕН !
    *********************************************
    Аса қамқор , ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын .
    ” Жанын жамадық жәйлаған (қаткез пенделер түбінде бір)
    құрып жоғалады.”
    (ҚҰРАН–Шәміс сүресі,10 аяты)
    —————–***************************************************

    ————- Ашынғанда Қазекем айтады екен: —–————-

    1) ” Жығылған үстіне жұдырық ”
    -төбемізден портон жауды бул не сұмдық? Бұл орысқа -құлдық, Қазағына көрсеткені -жұдырық …

    2) “Бұға берсең сұға береді”
    -Ұлтсыз билік Қазақпен жауласып, қазақ мүддесін қорлап өтеді .

    3) “Айғайлай – айғайлай қасқырдан ұят болды -ау ” ——-
    – Ұлтшылдар шулай берсін.Әмяніміз ақшаға толады.

    4)»Өлетін бала беиітке қашады.»
    -Ұлтсыз орыс-топайлар портон мен параға тойып алған соң шет ел қашады.Ұлтшылдар – отанда қалады.Уланған ауадан зян тартады.Қазақ елін сақтап қалады.Құдай қазаққа қамқор болады.
    ————————————————————————————*****************************
    ”Жанға көңілім қалып тұр ,
    Жан бұл күйге салып тұр.
    Тәнге көңілім қалып тұр,
    Тән шыдамай арып тұр.
    Жан ашыған жақының,
    Көзінен жасы ағып тұр.
    Әй, сеніме дегеннің ,
    Айызы әбден қанып тұр.
    Адал сөзің қор болып,
    Жалғанға жұрт нанып тұр .”
    ЖАНБАТЫР- қажы (1936 ж )

  2. Дүниені бүлдіріп, доляда жүрген Таке брат жай жүрген жоқ.Мүмкін сол «косманавт» братан рұқсат берген шығар?

  3. Үш ғасырдан астам орыстың жоғын жоқтап, мұңын шағып келеміз, неге сонша жабысып қалғанбыз. Торғай жеріне зымырандар ұшарда, қонарда «гептилсіз»-ақ түсетін миллиондаған радияцияланған улы ұшқын шаңдардың өзі ауа райының өзгеруімен қатар зияны мол,»қаптаған рак ауруы, сау жүргендердің өзі бірақ күнде «суицидке» барып жатады. осы соңғы айда менің естіп, көргенімнің өзі 4 адам, жастары 27-45 арасында, үйлі баранды, жағдайы жақсы, қызметі бар азаматтар.неге кетті, себебі осы космос шығар, оның сыртында жүздеген «суицид»- ке арналған сайдтар болуы мүмкін.Біздің Арқалық жеріне космонавтар ұшып қонған сайын 3-4 күн жаңбыр жауып, ауа райы бүлінеді, еңбектеген балаларға дейін біледі «корабль» ұшқанын.Киіктердің 5 мыңнан 10 мыңға деиін қырылғаны да /10 шақты жыл бұрын/ осы Торғай жерінде болды, кешегі қырылуы да Байқоңырға шекаралас аудандар, сонда себебі «комодром» емес деп кім айта алады.»Ақжол» партиясының ұстанымы да, сұранымы да дұрыс, Азаттың айтқандарын,саясаткерлердің «альянс» құру идеясын баршаға жеткізу керек, қазақтың Үкіметі қорықпаса, орыстар мүмкін қаймығар

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз