«Бұндай мемлекеттік БАҚ-ты ешкім де оқымайды»,- Марат Тәжин.

4
1073

«Мемлекеттік  баспасөздегі 107 материалдың 104-і насихаттық материал.                                                           Бұны толық жауапкершілікпен, тоқтату керек!»

 
АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат –   Бүгін мемлекеттік ақпараттық саясаттың өзекті мәселелеріне арналған кеңесте ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Мәдениет және ақпарат министрлігіне Орталық коммуникациялар қызметі мен ішкі саясат бөлімдеріне бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімділігіне сараптама жасап, мемлекеттік БАҚ-тың жыл сайынғы бюджетін оңтайландыруды тапсырды.«Жалпы мемлекеттік ақпараттық саясатын қаржыландыруды және бюджеттік жоспарлау үдерісін тұтастай қайта қарау керек. Яғни, бюджеттік саясат пен ақпараттық саясат қайта қаралуы шарт», – деп атап өтті М. Тәжин. Мемлекеттік  хатшының пайымынша, бүгінгі күні ақпарат саласын қаржыландыру әлемдік заманауи трендтерді қамтымай отыр. Оның сөзіне қарағанда, бүкіл әлемде мемлекеттік және жекеменшік сектордың баршасында қаржыландырудың басты ағымы желілік медиаға қайта бағдарланып жатыр.
«Ал біздегі интернетте ақпараттық саясат перифериялық шекте тұр. Екіншіден, біз мемлекеттік БАҚ-тың ақпараттық функциясын насихаттық құрамдасқа алмастырып, соған тәуелді болып қалдық. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың орындалуынан осыны айқын аңғаруға болады. Мәселен, банктік кредиттеу, бизнесті жүргізу, тұтынушылар мүддесі үшін тауарлар туралы ақпарат беру, қоршаған орта туралы мәселелер, білім саласындағы саясатты түсіндіру жұмыстарының барлығының орнын тікелей насихаттық материалдар басып кетті. Бұл әрине мемлекеттік БАҚ-тың өсуіне жол бермейді. Мен түсінемін, бұл аса оңай позиция. Комментарийлер, талдаулардың, журналистік зерттеулердің орнына уралап насихаттық материал жазу оңай, бірақ оны ешкім де оқымайды. Жетеді, бұндай практиканы тоқтату керек. Мен өткен аптада біздің бірнеше мемлекеттік мерзімді баспасөзге сараптама жасап шықтым.  Ондағы жүз жеті материалдың жүз төрті насихаттық материал. Бұны толық жауапкершілікпен, тоқтату керек деп айтамын. Мемлекеттік БАҚ насихаттық функцияны орындау керек, бұл сөзсіз орындалуы тиіс талап, алайда нақты жұмысты уралап насихаттаумен алмастыруды қою керек. Әйтпесе жұртшылық тарапынан ешқандай да сенім индексі болмайды, бұндай БАҚ-ты ешкім де оқымайды», – деді М. Тәжин.

4 ПІКІРЛЕР

  1. Сәбет кезінде *Білім және еңбек* деген журнал болушы еді,соны құмарта оқып өскендіктен бе,техникаға біртабан жақын боп өстік.Қазір еліміз дамуда техника саласына басымдық беріп отырғанда,осы сияқты ғылым техника, ІТ технология жайын үйрететін басылымдар көп болуы керек.Шынында да ата-бабасының батыр екенін дәлелдейтін мақалалардан көз ашпай қалдық.

  2. Дұрыс көп адамдар оларды оқымайды,сондықтанда екі-үшеуін қалдырып қалғанының бәрін жауып тастау керек

  3. “БҰНДАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚ-ТЫ ЕШКІМ ДЕ ОҚЫМАЙДЫ»,- МАРАТ ТӘЖИН.
    “Мемлекеттік баспасөздегі 107 материалдың 104-і насихаттық материал. Бұны толық жауапкершілікпен, тоқтату керек!”

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз