Азат ПЕРУАШЕВ: МЕНІҢ БҰЛ АРАНДАТУШЫЛЫҚ АҚПАРАТҚА ЕШҚАНДАЙ ҚАТЫСЫМ ЖОҚ

1
993

 

БАРЛЫҚ МҮДЕЛІ ТҰЛҒАЛАР МЕН ҰЙЫМДАРҒА!

Құрметті әріптестер!

Бүгін бірқатар ақпараттық агенттіктеріне, бұқаралық ақпарат құралдарына, сондай-ақ жекелеген қазақстандықтардың электрондық пошталарына менің атымнан «Ағынан жарылу» деп аталған ЖАЛҒАН мәлімдеме таратылыпты. Бұл жалада еліміздегі белгілі адамдармен менің қарым-қатынасым туралы жалған ақпарат жасалып, өмірбаяныма қатысты кейбір фактілер жағымсыз көрсетілген.
Мен бұл провокациялық ақпаратқа ешқандай қатысымның жоқ екендігін ресми түрде мәлімдеймін.
Бірақ та мұндай ақпараттың пайда болуының өзі «Ақ жол» партиясы мен осы партияның төрағасы ретіндегі менің саяси қызметімнің дұрыстығын және принципшілдігін дәлелдейді деп санаймыз.
Біздің саясатымызға жол бермеу үшін қарсыластарымыздың осындай кір, төмен саяси әдісті қолданудан басқа амалдары қалмаған шығар.
Осыған орай, «Ақ жол» партиясы мен оның Парламенттегі фракциясы қатардағы қарапайым қазақстандықтар мен қазақ халқының мүддесі жолындағы қызметін әрі қарай жалғастыра береді деп сендіремін. 


Ізгі ниетпен, Азат Перуашев,
2012 жылғы 22 қыркүйек

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз