6 миллиардтан аса жымқырған Атыраулық лауазымдылар тұтқындалуда...
2012 ж. 14 қыркүйек
1694
1

7-қыркүйекте тергеу тобы олардың Атырау қаласындағы мектеп және аурухана қызметкерлеріне арналған несиелік тұрғын үйлерді салуға бөлінген 177,5 млн.теңгені талан-таражға салып, есептен шығарылған «Гурьев-Мақат» су құбырының құбырларын, «Атырау Ақпарат» МКК-нің әкімшілік ғимараты мен оған қарасты аумақты, «ОблТрансГаз» МКК-нің газ құбырлары мен өзге де мүлкін заңсыз жекешелендіру арқылы мемлекетке 7 млрд.теңгеден астам залал келтіргені анықталды.
7-қыркүйекте сот санкциясымен Атырау облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Б.Жайсанов үй қамауына алынды. 12-қыркүйекте аталған қылмыстарды жасауға қатысы бар деген күдікпен Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Б.Дәукенов пен облыстық қаржы басқармасының бастығы Б.Жантеміров ұсталды. Оған қоса, 13-қыркүйекте Атырау қаласында қатты қалдықтарды көмуге арналған полигонды салуға бөлінген 111,8 млн.теңге көзделген жерге жетпегені анықталды. Осы мәселелердің барлығына кімнің қатысы бар екендігі алдағы уақытта анықталады. Соған байланысты іс қозғалып, сот шешімі шығатын болады.