Сәкен Сейфуллин мен Тұрар Рысқұлов қатысқан тарихи сәт (БЕЙНЕ)

Жуырда Мәскеу мұрағаттарының бірінен «Түрксіб» темір жолының ашылу салтанатында түсірілген бейнекадрлардың табылғандығын хабарлаған болатынбыз. Аса құнды сол бейнекадрды BAQ.KZ назарларыңызға ұсынады. Бейнероликте сол замандағы қазақ қоғамының тұрмыс-тіршілігі, хал-ахуалы анық көрінеді. Сонымен қатар, бейнежазбадан Алаш арыстары - Сәкен Сейфуллин мен Тұрар Рұсқыловтың да бейнесін байқауға болады. baq.kz