БИЛІКТЕН САЯСИ ҚАРСЫЛАСТАРЫН ҚУДАЛАУДЫ ТОҚТАТУЫН ТАЛАП ЕТЕМІЗ! Қазақ зиялылары форумының үндеуі мен қарары

1
1962

ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ ФОРУМЫ БИЛІККЕ ТАЛАП ҚОЙДЫ!..

«Бізде зиялылар бар ма?»-деген сұрақ бүгінде жиі айтылуда. Оған әрине, себеп те жоқ емес… Өйткені  қоғамда болып жатқан оқиғаларға үн қата қоятын зиялы санаулы ғана. Қалғаны биліктің нұсқауы бойынша сайрайды…

Осындай сұрақтарға жауап ретінде бүгін Алматыда «Қазақ зиялыларының форумы өтті.  Алқалы жиынға Әбдіжәміл Нұрпейісов, Сапабек Әсіп, , Мұхтар Шаханов, Дулат Исабеков,  Темірхан Медетбек, Мұрат Әуезов, , Мереке Құлкенов, Мекемтас Мырзахметов, Ғаббас Қабышұлы, Софы Сматай, Қабдеш Жұмәділов, Исраил Сапарбай, Зардыхан Қинаятұлы, Тұрсын Жұртбай, Бейбіт Қойшыбай, Дос Көшім, Болат Атабаев, Рысбек Сәрсенбай, Қазыбек Иса, Расул Жұмалы, Мұхтар Тайжан, Айдос Сарым, Жанұзақ Әкім, Иранғайып, Есенғали Раушанов, Эрнст Төрехан, Дидахмет Әшімхан, Амангелді Тәжібаев секілді елдің сөзін сөйлеп жүрген белгілі зиялылар   мен БАҚ өкілдері қатысты. Басты тақырып –  Жаңаөзен оқиғасы мен одан соңғы оқиғалар  болды. Одан өзге де өзекті мәселелерге арнайы дайындалған баяндамалар тыңдалды.

Жиынды жүргізген Мұрат Әуезов алғашқы сөзді қазақ әдебиетінің алыбы Әбдіжәміл Нұрпейісовке берді. 87 жастағы Әбекең биліктің кемшілігін қолмен ұстағандай әйгілеп берді.

– Қарусыз, құр қол бейшараларды полицейлеріміз бен отан қорғайтын әскерлеріміздің қуалап жүріп автоматпен атып өлтіргендері аз болғандай әлгі оққа жығылған қансырап жатқан жаралыларды үсті-үстіне соққылап ұрғандары жұрттың бәрінің жүрегін ұшырды…

Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов. Алматы, 19 наурыз 2012 жыл. Азаттық радиосы.

​​
Фашистер қанша жауыз болса да, бір ғажабы – жаралыларға қол көтермейтін. Қайта жараланған совет солдатын госпитальға көтеріп апарып, жарақатын емдеп, аяғынан тұрғызып жіберетін. Ең аяғы фашист екеш фашистің өзі сондай болғанда, ертеңгі күні еліміздің егемендігін қорғайтын қарулы күштеріміз, омон, сол полициялардың әрекеті әлгіндей болса, 20 жыл бойы лепіріп, мақтанатындай неміз бар еді? – деді тарланбоз Әбекең.

Одан кейін Г.Бельгердің сөзі оқылды. Одан соң сөйлеген алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбайдың баяндамасы форумның негізгі ұстанымы деуге болады.

– Қазақстанның басты жауы – оппозиция да емес, оралман да емес, күйеуі мен баласына араша түскен жаңаөзендік әйел де емес, мемлекет құрып отырған ұлтқа қарата биліктің қолданып отырған ұлтсыздыққа негізделген саясаты, – деді Тұрсын Жұртбай.

Қазір билік күндіз түні насихаттайтын Кеден Одағы, Еуразия Экономикалық кеңістігі сан ғасырдан соң зорға қол жеткізген ел Тәуелсіздігінен айыруға бастайтынын айтқан  Тұрсын Жұртбай ұлт тәуелсіздігін сақтап қалу үшін жалпыұлттық тұжырымдама қабылдап, үнсіз мойынсұнбау қарсылығын бастап кету  керектігін атап көрсетті.

Мұқтар Шаханов Жаңаөзен оқиғасының кінәлілерін анықтау керектігін, бұндай күресте бірлік танытуды, ақылдасып шешудің қажеттігін айтты.

-Мына Жармахан мен Болаттың ЖСДП Азат партиясы бізбен ақылдаспай өздері білермендікке салынып жүр, бұл дұрыс емес»-деді Мұқаң. – «Тіл мәселесіне   келгенде ЖСДП Азат партиясы басшыларының өздері үнемі орысша сөйлейді»

Бейбіт Қойшыбай, Мекемтас Мырзахметов, Дулат Исабеков,Зардыхан Қинаят, Рысбек Сәрсенбай, Айдос Сарымдар да ең өзекті мәселелерді қолдады. Дулат Исабеков «Бірін-бірі атып, бұл қазаққа не болған? Қазақтың өзіне «не боп барамыз?» деп үндеу жариялау керек»- деді. Мекемтас Мырзахметов дін мәселесін, уахабизмнің қаупін айтып, Саят Ыбырайды босату керектігіне тоқталды. «Батыстан діндер үшін 15 миллиард доллар бөлінсе, соның 4 миллиарды мұсылман дінін ірітуге арналады екен. Біздегі уахаббизмнің туын көтеріп жүргендерді сенім емес, осы қаржы тартып отыр тұңғиыққа» деді ғалым. «Ана бір жылы Бекболат Тілеухан Таразға 20 уахабшыны ертіп келгенде, Мұқамеджан Тазабековтың үйінде отырғанда бұл бағытының дұрыс емес, қауіпті екенін  айтып, сақтандырдым, тыңдамады»-деді Мекемтас Мырзахметов.

Форум арнайы Үндеу мен Қарар қабылдады.

Арнайы баяндамаларды алдағы уақытта толық жариялайтын боламыз.

 БИЛІКТЕН САЯСИ ҚАРСЫЛАСТАРЫН ҚУДАЛАУДЫ ТОҚТАТУЫН ТАЛАП ЕТЕМІЗ!

ҚАЗАҚ  ЗИЯЛЫЛАРЫ  ФОРУМЫНЫҢ   ҮНДЕУІ

Жаңаөзен мен Шетпедегі қанды оқиғалар Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең қайғылы және қаралы беттерге айналды. Бұл оқиғалар қазіргі саяси жүйенің барлық кемшіліктері мен қателіктерін айна-қатесіз ашып берді. Нағыз саяси бәсекелестік жоқ жерде және мемлекеттік пен қоғамдық саяси институттар жұмысы тоқырауға ұшыраған жағдайда орталықтанған билік тіктемесі (вертикалі) өз мәнінен айырылып, теріс әрекеттерге ұрындырады.

Орталық және аймақтағы биліктің өз азаматтарының талап-тілектеріне құлақ аспауы мен елді тыңдауға деген құлықсыздығы, Жаңаөзен қаласы тұрғындарының талаптарын елемеу, шенеуніктердің шынайы өмірді боямалап көрсетуі ақыр аяғында әлеуметтік тартыстың алдымен саяси сипатқа ұласуына, артынша қанды қырғынға жол ашты. Полицейлердің қаруды себепсіз, негізсіз, асыра сілтеуге салып пайдалануы ондаған азаматтың өліміне, жүздеген адамның жарақаттануына соқтырды.

Біздің қоғам, ең алдымен елдегі билік бұл оқиғалардан сабақ алуға тиіс. Қаза тапқандарды жоқтап, олардың жақындары мен туыстарының қайғысына ортақтасып, жарақат алған және қудалауға түскендердің тағдырына алаңдай отырып біз, елдің ойлы, парасатты азаматтары, барлық қоғамдық күштер,   Қазақстан билігінің  тармақтары осыдан ой түйіп, болған оқиғадан нақты қорытынды шығаруымыз қажет. Ең бастысы, мұндай оқиғалардың болашақта қайталануына жол бермес үшін қолдан келер барлық әрекетті жасауымыз керек.

Қазақстан құқық қорғау және күштік құрылымдарының іс-әрекеті мен қызмет ету тәсілдері жеке талқылау мен арнайы қарастыруды талап етеді.  Біз бейбіт халыққа қарсы оқ атуға және ішкі қақтығыстарға әскерді қатыстыруға түбегейлі қарсымыз. Әлеуметтік қақтығыс пен қоғамдық наразылық кез келген жағдайда және үнемі бейбіт жолмен әрі келіссөз арқылы шешілуі тиіс. Соттың шешімінсіз ешкім де азаматтарды олардың бұлжымайтын құқығы – өмір сүруге деген құқығынан айыра алмайды! Олай ету – ең үлкен және қауіпті қылмыс. Ал бұл қылмыс биліктің, азаматтардың осы конституциялық құқығын қорғауға тиіс адамдардың қолымен жасалса, онда бұл екі есе қауіпті. Осы негізгі ұстаным жойылса, онда қалған нәрселердің де еш мәні қалмайды. Егер адам өмірі құнсызданса, барлық жетістік пен табыс екінші немесе үшінші қатарға ысырылып, барлығы көмескіленеді.

Міне, сондықтан біз қоғамның бұл оқиғаларды жан-жақты, әділетті және ашық түрде зерттеу жөніндегі талабын табанды түрде қолдаймыз. Тергеу мен сот 2011 жылғы 16-17 желтоқсан күнгі оқиғалардың ғана емес, бұдан бұрынырақтағы  оқиғаларға да нақты құқықтық бағасын беруге тиіс. Ал бұл биліктің барлық органдары мен институттарының, мұнай-газ компанияларының, салғырттығы мен салақтығы шектен асқан  шенеуніктердің әрекетіне құқықтық және саяси баға берілуі керек деген сөз. Онсыз қоғамдағы сенімді қайта қалпына келтіру жөнінде сөз қозғаудың өзі қиын. Түйіні шешілмеген мәселелер бүкіл қоғамдық-саяси қарым-қатынасқа кері әсер етпек. Мұның салдары қазіргі билік үшін ғана емес, мемлекеттілік пен Қазақстан тәуелсіздігі үшін де  ауыр болмақ.

Өкінішке қарай, бүгінде атқарушы органдар және күштік құрылымдар Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғаларды сыртқы және ішкі күштердің жымысқы әрекеті деп көрсетуге тырысып, осы арқылы өздерінен жауапкершілікті ысырып тастамақ деген ақпарат жетіп жатыр. Абақтыға қамалғандар мен тергеуге түскен азаматтарға және олардың туған-туыстарына моральдық, психологиялық қысым мен күш көрсетілуде деген ақпарат тағы бар. Бұл – өрескел жағдай. Егер мұның барлығы ақыр аяғы «шелек жалағандардың» сотталуымен тынатын болса, онда бұл биліктің заңдылығына селкем түсіріп, сенімді азайтады. Бұл қоғамдық талаптар мен көңіл күйдің радикалдануына соқтырады. Мұның өзі саяси диалог пен қоғамдағы түсіністікті қиындатып жібереді.

Мұндай жағдай билікті «бұранданы бұрай түсуге» итермелейді. Ал мұның өз кезегінде мемлекет, қоғам және азаматтар үшін теріс салдары бар. Бұдан ешкім де ұтпайды. Авторитарлы-репрессивті үрдістердің күшеюі демократиялық оппозиция мен азаматтық қоғам институттарының қудалануына соқтырады. Ал олар бұған қарсы бас көтереді. Өзара текетірес, билік және демократиялық күштердің радикалдануы елді тығырыққа тірейді. Оған көз жеткізу үшін ұлтымыз ХХ ғасырда бастан өткерген қайғыға толы тарихи жолды айтпағанның өзінде, жиырма жыл ішіндегі оқиғаларға көз жүгіртсек те жеткілікті. Бұл Қазақстанның оқшаулануын күшейтіп, оның халықаралық беделін, инвестициялық және бизнес-климатын нашарлатады. Қазақстанның халықаралық оқшаулануы билікті өзге авторитарлы мемлекеттермен жақындасуына итермелейді. Бұл Тәуелсіздіктен айырылуға әкеп соқтыруы мүмкін.

Форумға қатысқан зиялы қауым биліктен елдегі авторитарлы-репрессивті үрдістерді тоқтатуды талап етіп, дағдарыстан шығудың жолын бірігіп іздеу үшін оппозициямен, азаматтық қоғаммен әріптестікті бастау керек деп үндеу тастаймыз. Қудалау машинасын іске қосқан соң, оны тоқтату өте қиын. Ол төңірегін басып жаншитын, жаңа құрбандарды талап ететін механизмге айналмақ. Өз құрбандарын ғана емес, өзін іске қосқандарды да күл-талқанын шығарып, күйрететін механизм болмақ.

Биліктің саяси жүйені демократияландыруы мен қоғамды модернизациялауы, саяси бәсекелестікті дамытуы, азаматтық бейбітшілік пен толеранттылық дәстүрін  қамтамасыз етуі және сақтауы сөз жүзінде емес, нақты іспен дәлелденуі тиіс. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 12 мың доллардан асып түскен жағдайда реформаларды созбалақтай беру, «алдымен экономика, содан кейін саясат» дегендей арзан популистік ұрандарға салынудың мәні де, мағынасы да жоқ. Кез келген саяси реформаның алғышарты – сенім мен өзара түсіністікті қалыптастыру. Ал билік өз қарсыластарын, өзгеше ойлайтын азаматтарды қудалаған кезде мұның іске асуы мүмкін емес.

Сондықтан біздер, Алматы қаласында 2012 жылдың 19 наурызында өткен зиялы  қауымның – халық өкілдерінің форумына қатысушылар, Жаңаөзен мен Шетпедегі қайғылы оқиғадан кейін елімізде қалыптасқан саяси-қоғамдық жағдайға қатысты шығармашылық және ғылыми интеллигенцияның, азаматтық қоғамның, сарапшылық және құқық қорғау ұйымдары өкілдерінің баяндамаларын тыңдай әрі талқылай келіп, мынандай талаптар қоямыз:

1. Ел билігі қоғамдағы авторитарлы-репрессивті үрдістерді дереу тоқтатсын! Елдегі процестерге өзіндік балама пікірі бар азаматтарды «жау» ретінде қарастыруға жол берілмесін!

2. Елдегі қарулы күштерді, құқық қорғау органдарының оқ ататын қаруды, яғни өз азаматтарына қарсы «арнайы құралдарды» пайдаланудың регламентін қайта қарастырсын.

3. Демократиялық күштердің митингілеріне қатысушыларды қуғындау мен негізсіз қылмыстық немесе әкімшілік іс қозғау тоқтатылсын. Осы күнге дейін демократиялық оппозиция өкілдеріне қатысты шығарылған үкімдердің күші жойылып, олардың барлық азаматтық құқығы қалпына келтірілсін.

4. Тәуелсіз және оппозициялық басылым редакциялары мен журналистерін қуғындау, веб-сайттар, билікке жақпайтын ақпаратты тарататын әлеуметтік желілер жұмысына тосқауыл қою әрекеттерін айыптаймыз. Сөз бостандығына шек қойылмасын!

5.   Қайырымдылық және өз қателіктері мен мүлт кеткен тұстарын мойындау – билік мықтылығының белгісі. Билік қоғамда күдік-күмән туғызған төмендегі даулы істерді қайта қарастырсын:

тағы бір әлеуметтік жанжалдың құрбандары – «Шаңырақ оқиғаларына» қатысушыларға қатысты қозғалған қылмыстық іс; ұзақ жылға сотталған Арон Атабек бастаған «Шаңырақ қорғаушыларына» рақымшылық жасалып, азаттыққа шығарылсын;

ғалым Саят Ыбраев бастаған «сопылар процесінің» қатысушыларына қатысты қылмыстық іс; Айдос Садықов, Наталья Соколова, Ермек Нарымбаев тәрізді әлеуметтік жанжалға қатысушылардың саяси астары бар істері (еңбек етушілердің құқығын қорғауға қатысу) қайта қаралсын!.

6.«Әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айып тағылған оппозициялық күштердің өкілдерін, оның ішінде В.Козловты, С.Сапарғалиды, Б.Атабаевты, Ж.Мамайды, А.Әмірова мен басқаларды қудалау тоқтатылсын.

7.Ақтау қаласында Жаңаөзен мен Шетпедегі қанды оқиғаға қатысты қаралатын сот ісі толық ашық жағдайда,қоғамдық қорғаушылардың,қоғамдық ұйымдар мен ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткізілсін.

Алматы қаласында  2012 жылғы 19 наурызда қабылданды.

БИЛІК пен АЗАМАТТЫҚ  ҚОҒАМНЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН РЕТТЕУ және оның ТИІМДІ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ туралы

ҚАЗАҚ  ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ  ФОРУМЫНЫҢ     ҚАРАРЫ

Біздер, Алматы қаласында 2012 жылдың 19 наурызында өткен зиялы қауымның – халық өкілдерінің форумына қатысушылар, Жаңаөзен мен Шетпедегі қайғылы оқиғадан кейін елімізде қалыптасқан саяси-қоғамдық жағдайға қатысты шығармашылық және ғылыми интеллигенцияның, азаматтық қоғамның, сарапшылық және адам құқығын қорғау ұйымдарының баяндамаларын тыңдай әрі талқылай келіп, мынадай шешімдерге тоқтадық:

1. Азаматтардың заңды құқы мен мүддесін қорғайтын  мемлекеттік институттар дұрыс жұмыс істемей отырған қазіргі жағдайда Қазақстанның саяси жүйесін қайта құру және жетілдіру міндеті кезек күттірмейтін мәселеге айналды. Ол үшін бірсыпыра шараларды қолға алып, іске асыру керек: соттық-құқықтық реформа жасау; сайлау туралы жаңа заң қабылдау; саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, кәсіби одақтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының іс-әрекеті мен митингілер, шерулер өткізуге қатысты заңдық нормаларды  либерализациялау (заманға сай жасау) және т.б. Сөзден іске көшіп, жергілікті өзін-өзі басқару институттарын ендіруді және төменгі деңгейдегі, аудан, қала әкімдерін сайлауды бастап кеткен жөн.

Осы ұсыныстарды талдау, оқу-білім, дін, рухани-мәдени саладағы мемлекеттік саясатты және тіл саясатын жетілдіру үшін, әлеуметтік, қоғамдық-саяси мәселелерді талқылап шешу үшін Мемлекеттік (Ұлттық) кеңес құрылуы тиіс. Мемлекеттік (Ұлттық) кеңестің мүшелері зиялы қауым, биліктің жоғарғы органдарының, кәсіби одақтардың, қоғамдық бірлестіктердің, барлық саяси күштердің, халықтың түрлі топтарының өкілдерінен жасақталуы керек.

2. Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғаға байланысты барлық саяси күштердің өкілдерін шақырып, ашық  парламенттік талқылау өткізуді талап етеміз. Бұл оқиғаға тек құқықтық қана емес, сонымен бірге саяси баға да берілуі қажет. Алдағы уақытта осындай қателіктерді жібермес үшін осы қайғылы оқиғаға қатысты қандай шаралар қабылдағаны жөнінде барлық құқық қорғау құрылымдары басшыларының есеп беруін, олардың қару мен арнайы құрал-саймандарды қандай жағдайда қолданатынын нақтылай әрі айқындай түсуін қатаң түрде сұраймыз.

3. Ел билігінен Жаңаөзен мен Шетпеге қатысты оқиғаларды және оның себеп-салдарларын ашық, анық, дәл және терең зерттеуді талап етеміз. Барлық кінәлі адамдар, олар қандай лауазымды қызмет атқарып отырса да, тегіс жазалануға тиіс. Қайрымдылықты қатыгездіктің құрбаны болған кінәсіз азаматтарға көрсетейік. Билік басындағылар зерттеудің нәтижесі жөнінде кеңінен ақпарат беріп отыруы, осы іске қатысты кінәлі деп табылғандардың барлығына да өз құқы мен  заңды мүддесін қорғауына мүмкіндік жасауды қамтамасыз етуі қажет.

4. Алдағы уақытта осындай қайғылы оқиғаларды болдырмас үшін  заңға «тікелей демократияның» жаңа механизмдерін қарастыратын, заң түрінде енгізетін өзгерістер керектігін ескертеміз.

Атап айтсақ, еліміздің заңына төмендегідей өзгерістерді міндетті түрде енгізу қажет деп есептейміз:

– еліміздің 15 мыңнан кем емес азаматтары  қол қойған қоғамдық талаптарын үкімет  үш айдан кешіктірмей қарап-шешуін міндеттеуді;

– облыстарда тұратын 1500-ден кем емес азаматтар қол қойған сондай ұсыныстар мен талаптарды осы азаматтар тұратын облыстық әкімшіліктің екі айдан кешіктірмей қарап-шешуін міндеттеуді;

– ауданда тұратын 150-ден кем емес азаматтар қол қойған жергілікті мәні бар әртүрлі ұсыныс-талаптарды осы аудандық әкімшіліктің бір айдан кешіктірмей шешіп беруін міндеттеуді.

5. «Электронды үкіметтің» механизмдері кеңейіп жатқан шақта билік өзінің жұмысы жөнінде азаматтарымызды интернет арқылы кеңінен құлағдар етіп отыруы қажет: атап айтқанда, үкіметтің, министрліктің жиындары, әкімшіліктің, ұлттық компаниялардың, соттың отырыс-жиындары интернетте веб-камера арқылы халыққа көрсетіліп тұруы тиіс.

Еліміздің азаматтары олардың шешім қабылдауына, қоғамдық сараптамалары мен тестілеулеріне қатысатындай мүмкіндік жасалсын. Бұл үшін биліктің барлық деңгейдегі атқарушы және өкілетті органдары интернетке азаматтардың мүддесі қорғалатын шешімдердің жобасын осы шешім қабылданардан бір ай бұрын іліп қоюға міндетті болсын.

6. Жаңаөзен мен Шетпедегі қайғылы оқиғаға қатысты қоғамда қилы пікірдің туындағаны, тіпті «қазақтардың көші» туралы жөнсіз әңгімелердің айтылғаны оралмандарды қабылдау мен оларды бейімдеу бағдарламаларын іске алғысыз  еткен пікірлердің де бой көтергені рас. Біз мұндай әңгімелерді керексіз және арандатушы әңгімелер деп есептейміз.

Мәселенің маңыздылығын ескеріп, біз Көші-қон және демография жөніндегі жеке министрлік (не агенттік) құру керек деп есептейміз. Бұл министрлік (агенттік) өзге мемлекеттік органдармен қоян-қолтық жұмыс істей отырып, тарихи Отанына оралып жатқан отандастарымыздың көшуін, қонуын үйлестіріп және олардың бейімделуін басты назарда ұстауға тиіс.

7. Бір мемлекеттік телеарнаның негізінде оның іс-әрекетін, редакциялық саясатын, қаржылануын қоғамның өзі бақылап отыратын «Қоғамдық телевидение» құруды тағы да талап етеміз.

Осымен бір мезгілде, мемлекеттік орталық телеарналар мен бұқаралық ақпарат құралдары заңды түрде өз эфирлері мен газет беттерінен мүшелері 2 мыңнан кем емес барлық саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерге орын беруге тиіс. Ал аймақтық телеарналар мен газеттер де әрбір облыстағы партиялар мен бірлестіктердің санына қарап тиісті шешім қабылдағаны жөн.

8.Зиялы қауымның – халық өкілдерінің форумын еліміздегі көкейкесті әрі аса маңызды мәселелерді талқылап отыратын тұрақты қоғамдық мінберге айналдырамыз.

Форумда көтерілген  ұсыныстарға республикалық органдардың назарын аударамыз. Мемлекет басшыларын және саяси партиялардың өкілдерін шақыра отырып, форумның жаңа отырысын өткіземіз.

Алматы қаласында, 2012 жылғы 19 наурызда қабылданды.

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз