ТІЛДІ САТҚАН ҚОСАНОВ ЕЛДІ ҚАЛАЙ ҚОРҒАМАҚ?
2019 ж. 06 мамыр
59390
92
Ұлтшылдар мен оппозиция терісін жамылушы Әміржан Қосанов өз терісінен айрылып қалып жүрмесін...
Желтоқсандықтарды қудалаған «қызыл комсомолға» сенуге бола ма?
Елімізде Президент сайлауы жарияланғалы бері түрлі-түсті Президенттіктен үміткерлер пайда болуда. Коммунизммен баяғыда қоштассақ та, коммунистер тағы шықты қызыл жалауларын көтеріп... Еліміздің тарихында тұңғыш рет Президенттікке үміткер тіркелді «Ақ жол» партиясы атынан... Кәсіподақтар да қатардан қалмай ат қосуда. Қаламгерлер қауымынан белгілі журналист Сәдібек Түгел ағамыз «Ұлт қырандары» ұйымы атынан бас көтерді. Бұрын Үкіметтің баспасөз хатшысы болған Әміржан Қосанов та әупірімдеп жүріп қатарға қосылды... Әлеуметтік желіде әңгіменің өзегіне көп арқау болып тұрған осы «Ұлтшылдар» мен «оппозицияшылдар» атынан екі топтың атын қатар жамылып шыққан Әміржан Қосанов ағамыз. Ол туралы пікірталас ерсілі-қарсылы жазылып жатыр. Әміржанды қазір бірнеше ұйым «Сен қайдан шықтың?»-деп сынауда. Алдымен, Қосановтың билікпен келісіп, сайлауға түсіп жатқанын жақсы біліп алған аблязовшылар бастаған оппозиция өкілдері «Сен бұрыннан жалған оппозиционер едің. Енді оппозицияның атынан сайлауға түсуге сенің қандай қақың бар, бізден аулақ жүр!»-деп, ерін бауырына алып тулап жатыр. Жасарал Куашышалин дегенің де Әміржанның кім екені туралы ұзақ «дәріс» оқуда. Ал оппозициялық партия ретінде заңды тіркелген, таяуға дейін Жармахан Тұяқбай басқарып келген, қазір белгілі оппозициялық журналист, «ДАТ» медиажобасының жетекшісі Ермұрат Бәпи басқаратын ЖСДП кезінде Әміржан Қосановтың былықтарын жариялап, өзін қуып жібергені белгілі. Кейін ол партия Әміржанды құрылтайына да кіргізбей қойғанын жақсы білеміз. Әміржанның ЖСДП төрағасының бірінші орынбасары болып жүріп, өз партиясының съезіне кіре алмай, есігінен сығалап, айқайлап жүргенінің себебін сұрағанда Жармаxан Тұяқбай Қосановтың бір жылдан аса партия жұмысына араласпағанын, съезге делегаттар сайлаған қалалық партия конференциясына қатыспағанын , одан да басқа былықтары барын айтып берді. Түңғыш ғарышкеріміз, батыр Тоқтар Әубәкіров ағамыз ана жылы "оппозициялық партиядағы басшылардың жұмысы Ақорда не тапсырма береді деп, солай қарай жүгіру" деп сынап тастағанда, әлеуметтік желі бірден "Әміржанды айтып отыр" деп шулағаны да есте... Осы сайлау кезінде де Әміржан баяғы «әріптестеріне» жалтақтап қарап, парақшасында президенттік сайлауға түсуге дайын екенін жеткізіп көріп еді, ешкім мойын да бұрған жоқ. Соған қарағанда, оппозициялық партия Әміржан Қосановты сол баяғы қатарларынан қуып жіберген қалпынан айнымаған екен... "Ұлтшылдар" атынан түскесін талай жылдан бері Алаш мұрасын насиxаттап, Ұлттық мүддені ұлықтап келе жатқан "Ақ жол" партиясының "бақшасына" түсіп кеткенін сезген Әміржан ағамыз алдымен ақжолдықтардың үміткері, әйел Дания Еспаеваға тасадан тас лақтырудан бастады. Ютубта өзін "саясаттанушы, жырау" деп таныстырған Жанболат Раxматулла деген біреу (ондай "жырау", "саясаттанушыны" естісек, құлағымыз керең болсын) шешесімен жасты анаға "Дания Еспаева, саған жауап"-деп, дүңк еткізіп, дүмбілездеп біраз жерге "шауыпты." Өзінің деміне өзі пісіп отырған, президенттікке үміткерлерден, саясаткерлерден Әміржаннан басқаның бәріне шабаланып шыққан, он шумақ "жырынан" бір ұйқас пен бір ойлы сөз табылмайтын ол "жырауға" жауабын ақжолдықтардың өздері бере жатар... Біз тек "Мені "Ақ жолдың" келіншегімен немесе заманы өткен коммунистердің үміткерімен күреседі дейсіңдер ме? Мен Тоқаевпен ғана сайысамын, басқалардың керегі жоқ" деп, екі қолын ербеңдетіп, екпіндеп, езіп тұрғанда Әміржан мырза өзінің бас клоун екенін ұмытып кете беретінін айтқымыз келеді... Жалпы шынын айтқанда, Әміржан Қосановтың аты аталғанда елдің, әсіресе, Ұлтшылдардың ең алдымен есіне алатыны - ерекше екі оқиға! Оның біріншісі, 1986 жылғы Желтоқсан қасіреті кезіндегі ҚазГУ-дың журналистика факультетінің комсомол комитетінің хатшысы болып, қылышынан қан тамып тұрғанда қаншама қазақ жасын оқудан шығарып жіберген жанталасы. Екіншісі, 2011 жылы ақиық ақын, қайсар қайраткер Мұқтар Шаханов бастаған Ұлт зиялыларының Қазақ тілін қолдау үшін Конституциядағы орыс тілі туралы 7-інші баптың 2-інші тармағын алып тастауды талап еткен әйгілі 138-дің Ашық хатына қол қоймай, қарсы болғаны. Алдымен, ел тарихындағы Желтоқсан қасіретіне келсек, оны кеше белгілі журналист, ұлт патриоты Жарылқап Қалыбай бастап та кетті. Негізі, Жарылқап та, одан сұқбат алып отырған Ермек Нарымбай да білмейтін болуы керек, бұл мәселе осыдан жиырма жыл бұрын, 1999 жылы-ақ басталып кеткен. Сол кезде «Жас Алаш» газетінде журналист Бақытжан Қосбармақов та, 1986 жылы 23 желтоқсанда Әміржанның қол қоюымен оқудан шығарылған студенттердің бірі, Желтоқсан күрескері, белгілі ақын Аманғазы Кәріпжан да, «Новое поколение» газеті журналистері де, жеріне жеткізе жазған болатын... Жарылқап Қалыбайдың Әміржан Қосановтың атын естігенде аттан салуының да айқын негізі бар екен. Оның ютубтағы Ермек Нарымбай арнасына берген видеосұхбатында айтуы бойынша, Желтоқсан қасіреті күні алаңға шығып, ұлттық теңдікті сұрап, айқай салған қазақтың батыр қыздарының бірі Гүлнәр Әшімованы Жарылқап бастаған жастар қорғап қалып, екі-үш рет Әміржан бастап келген жазалаушылар тобына бермей жібереді. Кейін Әміржандар Жарылқап бастаған қорғаушы жігіттерді «сендер коммунистерсіңдер, бұлар комсомолдар» деп, бөліп тастап, ақыры оқудан шығарып тынады. Азаттық алаңында «Сендер қазақ тілін қорлап отырсыңдар. Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағайда бір де бір қазақ балабақшасы жоқ. «Қазақша балабақшаға баратын бала жоқ» дегесін, 200-дей қазақ баласының тізімін жасап бергенімізде тізімді жыртып тастады. Бұл қандай әділетсіздік!»-деп айқай салған қайсар қазақ қызы Гүлнәр Әшімова солай Ел мен Тіл теңдігін сұрап, алаңға шыққаны үшін, әміржандар бастаған «қызыл комсомолдардың» кесірінен оқудан да, комсомолдан да шығып, жылап кете барды.. Осы сұхбатта Ермек Нарымбай Жарылқапқа: "Әміржанның Желтоқсанда студенттерді оқудан шығаруын «ақтап», 14 курстасы хат жазып бергенін" тілге тиек етіп, екі-үшеуінің аттарын да атады. Жарылқаптың да жауабы дайын екен: «Олардың бәрі Әміржанның өзі секілді жел қайдан соқса, солай иілетін екіжүзділер! Курстағы 50 баланың бәрі ондай емес, олардың көбісі жақсы біледі оның кінәсін»-деп, қайтарып тастады. Айтса, айтқандай, әдеттегідей, «бармақ басты, көз қыстымен» пайда болған әлгі «адвокаттарға» 1986 жылы журналистика факультетінде Әміржанмен бірге оқыған Риза Әлмұқанова нақты дәлелмен қатты соққы берді: «Шоқан, курстың жиналысында мен де болдым ғой, "Қалайда оқудан шығару керек" деп тұрып алды ғой. Ол қанша азап көрді! Ал ана жоғары курстағы Гүлнәр осы күні белгісіз, хабары жоқ қой, Мен әдейі ешкімге үндемей жатыр едім, сенің мына жазбаңды оқып, жазуға тура келді. Сол жерде ретін тауып, ешкімді де «Оқудан шығару керек» деп айтпаса да, болатын еді, жиналыста тек ескерту жасайық деп айтылған болатын. Соны ұстану керек еді. Қасында декан Козьменко тұрды. Жиналыста: "Ескертумен шектелейік, ештеңе бүлдірген жоқ", -деп айтылды, сонда Әміржан: "Ескерту берейік деген не сөз? Бұларды оқудан шығару керек, бұл- саяси сауатсыздық!" деді ғой. Ақыры, сол сөзбен сол курстасымыз "анасы төрт баламен қалды" десе де, оқудан шықты. Оны кейін еш жер жұмысқа алған жоқ, Жұмысқа алмаған соң, жатақхана да жоқ, орыстардың иттерінің үйшігіне түнеген бе, сондай азапты күндерді бірнеше жыл бастан өткізді. "Кейін оқуға восстановить етті ғой" деген құр сөз, ол восстановить болғанша, ит қорлықты көрген. Оған Әміржан көмектескен жоқ. Бірде біздің жатақханағаға келгенде, мен вахтада кезекші едім, сонда біраз сөйлестік, есі ауып кетудің аз ғана алдында жүрді, Тіпті, мен оның сол кезде қиналғанынан қорықтым. Сондықтан Президент сайлау рубасын немесе топ жетекшісін сайлау емес, әлеммен тіл табыса алатын азамат болу керек! Студсовет болған кезіндегі де дау-дамайды білемін. Менімен дауды жалғастырудың қажет жоқ, оны түсінерсіңдер. Мен осы кезге дейін үндемей жатыр едім, ешкімді жамандамай,, сайлауда дауыс беру әркімнің өз шаруасы деп, бірақ менд де ол туралы біраз білемін ғой...» - деп, Әміржандай «жан достары» үшін жанын салып, жалған айтып, қорғаушылардың жағын қарыстырды... Ал Жарылқап Қалыбай аталмыш сұхбатынан өзге де өзінің парақшасында «Қосанов деген кім?» деген Ресей тілінде жазба қалдырды: «Короче говоря, кто такой Амиржан Косанов и неужели вы верите ему как порядочному оппоненту авторитарный власти? Он учился в одно время со мной, был красным комсомольским вожаком, который ходил на площадь в во время Желтоксанских революций вместо с комсомольским секретарём КазГУ с красным повязкой и после 17-18 декабря судил всех неугодных студентов того режима. Все это в архиве лежит где он за что подписовался. Был в сговоре с Камалиденовым и профессором Амандосовым, доцентом Канатбаевым, которые выгнали из КазГУ лучшего ректора Жолдасбекова и декана факультета журналистики Кожакеева и многих честных патриотов-студентов университета. После окончания университета, первый секретарь факультета журналистики КазГУ Амиржан Косанов получил направление в главный рупор ЦК Компартии Казахстана - в газету "Социалистик Казахстан" и стал первым секретарём комсомола Фрунзенского района г.Алма-Ата. После независимости КЗ занимал должность Зам министра молодежи, и долгие годы был Пресс-секретарем (почти фактическим первым помощником и замом Премьер-министра Акежана Кажыгелдина) до лето 1998 года. ... Мне очень жаль граждан страны которые верят в такие политические куклам...» -деп, шындықты жайып салады. Ермекке берген сұхбатында Жарылқап бұдан да тереңдеп, ҚазГудың ректоры Өмірбек Жолдасбеков пен журналистика факультетінің белгілі деканы Темірбек Қожакеевтерді орындарынан алуды – Қонаевтың өзін орнынан кетірудің алғышарттары ретінде қарастырады. «Мен Әміржанды кәсіподақ комитеті төрағасы етуге өзім ұсынып едім. Ал ол кейін мені Желтоқсанға қатысқан Гүлнәрді қорғағаным үшін Желтоқсан оқиғасын ұйымдастырушылар ретінде көрсетіп, оқудан шығаруға ықпал етті. Мен түгілі, ұстаздары Қожакеев пен Жолдасбековтерді сатып, орнынан түсуіне үлес қосып, тіпті Қонаевтың орнынан түсуіне алдын ала ор қазушылардың қатарында болды. Кейін журналистика факультетінде декан болған Кузменькомен ауыз жаласып кетті...» (еркін аударма) дейді. Ал Желтоқсан күрескері, ақын Аманғазы Кәріпжанның қалай оқудан шығарылғаны жоғарыда айтып өткеніміздей, 1999 жылғы «Жас Алаш» газетіндегі журналист Бақытжан Қосбармақтың «ЖЕЛТОҚСАН: ҚОСАНОВ ҚАЙДА БОЛДЫ?» атты мақаладан және Аманғазының өзінің осы газеттегі «ЖАРАЛЫ ЖАРАМСАҚТАР немесе НҮКТЕСІЗ ОЙРАНҒА БҮКПЕСІЗ БАЙЛАМ» атты мақаласынан, сол жылғы «Ана тілі» газетіндегі дәлелді жауабы мен «Новое поколение» газетінің терең журналистік зерттеуінен анық білуге болады. Иә, ол кезде Желтоқсандықтарға көмектескен басшылар, оқытушы, ұстаз, студенттер қудаланып, көп ұстаздар орындарынан кетті. Ал Желтоқсандықтарды жазалауға жанын салғандар, Ұлттық мүддені сатқандар жақсы «бағаланды». Билік Әміржанды да Жарылқап айтқандай, бірден жарылқап, университет бітіре сала Алматы қаласы Фрунзе аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы етіп қойды. Иә, сіздер дұрыс ойлап отырғандай, желтоқсандықтардың көз жасын кешіп жүріп, басшылық қызметке жетті... Ал ҚазГУ-дың журналистика факультеті комсомол комитетінің хатшысы кезінде алдымен өзі қол қойып (партия-комсомолда кез келген шешім бастауыш ұйымның шешімінен басталады), оқудан шығарған бір факультетте, бір курста бірге оқыған достарының қиындыққа ұшыраған қилы тағдырлары қызықтырған да жоқ... Сөйтіп, Дос Көшім ағамыз Әміржанға «Алдыңнан жарылқап, алда бол» дегеніндей, алдынан Жарылқап шыға келді... Қосановтың бойындағы қызыл қанында қалған «қызыл комсомолдық» құлдық сана комсомолдың 100 жылдығына еріксіз сұйреп апарғанына бүкіл ел куә болып, әлеуметтік желіде терісін тірідей сыпырды. Айтпақшы, бұл оқиға да Әміржанның аты аталса, еске түсетін тағы бір «таңба» болып, тарихта қалды. Ол осы әрекетімен өзінің кім екенін анық көрсетті. Өзін ғана емес, «Жаңа Қазақстан» ұйымының қасықтап жинай алмай жатқан абыройын қазандап төкті... Әміржан үшін жаңақазақстандықтар жаппай «ақтаушыға» айналып кетті... Тіпті, басында Расул Жұмалы сияқты қызба қандылары қызып отырып: «Комсомолдың тойына барғандармен амандаспаймын, аулақ жүрсін» деп фейсбуктағы парақшасына жазып та жіберді. Кейін «ДАТ» газеті мен «Қазақ үні» сайтынан Әміржан ағасының өзінің мансап жолын жасап берген комсомолдың мерейтойының тап ортасында тайраңдап жүргенін көрген сәтте жазбасын өшіріп үлгерді. Бұкіл елдің алдында серт беріп, сенімді түрде жазғанындай, «комсомолшы» Әміржанмен амандаспағанын қайдам, құшақтасып бірге жүргенін жиі көріп жүрміз... Осы комсомолдың тойында «Қазақ үні» газеті мен порталы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезіндегі мұрағаттардағы тарихи құжаттарды жариялады. Сонда, «КОМСОМОЛДАР ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРДЫ ҚАЛАЙ ЖАЗАЛАДЫ?» деген мақалада Қазақстан Лениншіл Коммунистік Жастар Одағы Орталық Комитеті басшыларының Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетіне жазған құжаттарында жоғарыда айтылған ҚазГУ-ден оқудан шығарылған студенттер ішінде Гүлнәр Әшімова, Аманғазы Кәріпжандардың аты айқын аталады... Сөзіміз құрғақ болмас үшін, құжаттардың өзін сөйлетейік:№20 Письмо секретаря ЦК ЛKCM от 23 декабря ЦК КОМПАРТИИ КАЗАХСТАНА В соответствии с утвержденными бюро ЦК ЛKCM Казахстана первоочередными мерами по усилению массово-политической работы, улучшению интернационального воспитания молодежи, в связи с событиями 17-18 декабря в комсомольских организациях города Алма-Аты проводятся открытые комсомольские собрания. Обсуждение персональных дел комсомольцев, участников событий на собраниях, заседаниях комитетов комсомола, бюро райкомов комсомола проходит принципиально, каждому факту дается политическая оценка. По состоянию на 23.12.1986 г. рассмотрено 374 персональных дела. О высокой политической сознательности комсомольцев свидетельствует тот факт, что более сорока нарушителей выявлено самими комсомольцами. Студентка IV курса факультета журналистики КазГУ Ашимова Г. была одним из самых активных участников событий на площади им. Брежнева 17 декабря, неоднократно порывалась пройти на трибуну, выкрикивала националистические лозунги. Органами милиции она была задержана. Действия ее были осуждены комсомольцами группы и она единогласно исключена из рядов ВЛКСМ. Так же поступили комсомольцы и с Карибжановым, студентом этого же факультета. ..................... Представляется в порядке информации. Члены бюро: С. Абдрахманов, П.Никитин, Б.Айтимова, B.Югринов, C.Дарменбаев.
Бұл мұрағатта сақталған құжаттардан аталмыш желтоқсандық студенттердің комсомол қатарынан және оқудан шығарылуы ҚазГУ-дың журналистика факультетінде, яғни, бастауыш комсомол ұйымында шешілгені айқын жазылып тұр... Ол кезде комсомол қатарынан шығу дегеніңіз – оқудан да, жұмыстан да айрылу деген сөз екені жақсы белгілі.