Президент З Е Л Е Н С К И Й - Украин халқының ТАРИХИ ҚАТЕЛІГІ!
2019 ж. 23 сәуір
8075
6
Президент сайлауындағы Владимир Зеленский жеңісі - Еуропада басталған үрдіс - азғындардың (гей, т.б.) билік басына келу құбылысының жеңіл түрдегі жалғасы!
Украинадағы бұл сайлау - тобырлық (азғындық) үстемдіктің батыстан шығысқа қарай ойысып келе жатқанын анық көрсетті. Осы «лептің» салқыны бізде де біліне бастағанын пайымы бар адам сезеді. Мысалы, соңғы жылдардағы тобырлық сананың үстемдігі бізде: 1. Жаңа Жер Кодексінің қабылданып кетуінен; 2. Қытай қазақтарын «қорлықтан» құтқарамын деген ниетпен, қытай-ұйғыр жанжалына кіріп кету қадамынан, т.б. білінді.
Қазаққа ойланатын шақ туды. Қазір ұлт тағдыры қоғамдағы шәуілдек, қатты шәуілдек «қандендердің» үруіне байланып тұр! Бірі бастап, қалғаны қостап, бүкіл даланы шулатып жіберсе, бітті, «қандендердің» дегені болып жатыр. Бұлардың көптігі және дауысының ащылығы соншалық, тіпті «қасқыр алған қасиетті төбеттердің» өзін танкінің шынжыр табанына түскен тышқандай етіп, езіп кетеміз дейді. Қызығы сол, олар бұл сөзді бостан-бос айтып тұрған жоқ. Айтса - артында сүйенетін: АҚШ, Ресей, әлемдік бірлескен ұйғырлар сияқты, жай көзге «көрінбейтін» қуатты сырт күштері бар.
Мысалы, осы сырт күштер - Еуропа, Ресей, т.б. сайқымазақ Зеленскийді жеңіске жеткізді! Енді осы сырт күштер осы сайқымазақтың арқасында сынбаған украина халқын - сындырады! Зеленский жеңісі - келешекте украиндықтардың жейтін опығы, тартатын залалы.
Қараңызшы, 45 млн халқы бар Украинадан сайқымазақ емес, лайықты 4, 5 адам табылмай қалды ма? Жоқ! Табылатын еді. Бұл жеңген мен жеңілгеннен он, жүз есе мықты, кем дегенде, 4, 5 мың (!) адам табылары хақ! Бірақ, қазіргі әлемдік тренд - азғындықтың үстемдігі салдарынан, ол шын мықтылардың үнін ешкім «естімеді», құлақ қойған адам болмады!
Қазір бұл үрдіс бізге де келді десе болады. Болмаса, бүгінгі Президент сайлауына ұлтымыздың ең мықты деген азаматтары, мысалы: Арон Атабек, Ғалымжан Жақиянов, Мұхтар Жәкішев, қала берді биліктің өзінен: И. Тасмағамбетов, Б. Сапарбаев, т.б. түсер еді.
Мәселен, жалған жаламен 7,5 жылға сотталып, биліктен кешірім сұрамай, өз «мерзімін» отырып шыққан мықты азамат - Жақияновты, әлеуметтік желіде өзінің тырдай жалаңаш шешінуімен елдің жадында қалған, 2011 жылы Қазақ тіліне қарсы Мухтар Аблязов ұйымдастырған Ашық хатқа қол қойғандардың бірі - Гульжан Ергалиева сотқа арызданып тырп еткізбей қойды! Осының өзі біздің қоғамдағы азғындықтың үстемдігін көрсетпей ме? Кезінде бұл масқаралық туралы "Ми жетпеген жерде қи тұратын жерді іске қосады... Бас жетпегенде басқа жерді пайдалану бәрінің біткендігін көрсетеді..."-деп, ақын Қазыбек Иса сойып тұрып жазған еді...
Жалғыз бұл емес, қазіргі қазақ қоғамында жалпы шайпы ауыз қатындардың дәуірі «жүріп» тұр. Олар ауызына келгенін «құса» салады, онысын өзімен рухтас «еркектері» қолдай жөнеледі, содан желіде қырғын айқай-шу басталады. Құдды бір «провокатор» ешкі қойларды «мясокомбинаттың» пышағына салып жібергендей жағдай. Бұл - біреуді қаралау, дәлелсіз жала жабу, яғни кәдімгі өсекті өрбітіп, сағаттап уақыт жоғалту. Осыны олар - ұлт мүддесін қорғауымыз деп ұғады!
Міне, бұл да қоғамдағы азғындықтың бір көрінісі! Бұл ұлтты сақтау, қорғау емес, керісінше пәрменді жою!
Себебі, мен байқаймын, айтар құнды ойы бар көптеген азаматтар осындай шайпы ауыз қатындар мен сол шайпы ауыз қатындарға ұқсас «еркектерден» сөз есітіп қаламын-ау деп, үндемейді, ештеңе жазбауға тырысады. Ал бұл «үнсіздік» ұлттың келешегіне, сол шайпы ауыздардың өз ұрпақтарына да орасан зор залал келтіріп жатыр.
Қысқасы, әр қазақ, еркегі, ұрғашысы бар, жазарын «жеті өлшеп, бір кесіп» барып жазбаса, ұлтты жоюға жол ашады! Ешкім жазба демейді. Жазсын. Бірақ, не жазса да дәлелмен, өз ойын жеткізе алатын деңгейде болса ғана жазсын! Өзгенің жазғаны өз түйсігіне сай келмесе, соны дәйектеп көрсете алса ғана жазсын. Басқаша жағдайда, қоғам бір арнамен «аға алмайтынын», ал мұның ұлт болашағына өте зиян екенін түсінсін!
Әлеуметтік желі (ФБ) боқтау-қарғау, ұрыс-керіс орыны емес, әдемі, сыпайы пікір алмасу алаңы БОЛСА ҒАНА ұлтқа жақсылық, жетістік алып келеді! Әлеуметтік желі әділдіктің, ұлттық дәстүрдің, ақылды жастардың өзін жұртқа таныстыратын, білмегені болса, үйренетін мекені болуы керек.
Осыны, ел боламыз десек, ұмытпауға тиіспіз!
Геройхан ҚЫСТАУБАЙ,
Фейсбук парақшасы