Қазақстан Президенті: Димаш Құдайберген - ән өнеріндегі құбылыс

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Димаш Құдайберген талай биіктерді бағындырарына сенім білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Димаш Құдайберген - ән өнеріндегі құбылыс. Нағыз талант иесі. Қазақтың мәдениетін, ән өнерін шартарапқа паш етіп жүрген виртуоз. Кеше қазақтың мақтанышына Өзбекстан жұртшылығы да тәнті болып, өнеріне қол соқты. Димаштың әлі талай биіктерді бағындырарына сенімдімін және тілектеспін», - деп жазды Президент Инстаграм парақшасында.