Қасым-Жомарт Тоқаев: "Ұлттық сана ұлттық тілмен ғана қалыптасады"
2019 ж. 12 сәуір
5138
1
Жаңғыруды, ең алдымен, ана тілімізден бастауымыз керек! Ақтау қаласындағы Достық үйінде жұртшылықпен кездесу барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Туиттердегі парақшасына сілтеме жасап.
«Баршаңыз жақсы білесіздер, қазір елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жаңғыруды, ең алдымен, ана тілімізден бастауымыз керек! Ұлттық сана ұлттық тілмен ғана қалыптасады», – деді Мемлекет басшысы. Еске сала кетсек, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласының жарияланғанына екі жыл толды.