Президент: Әкімдер мен министрлер бюджетті таусылмайтын қазынадай көреді
2019 ж. 12 сәуір
2166
0
Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында президент кейбір әкім мен министрдің бюджет ақшасына немқұрайлы қарайтынын айтты.
"Кейбір әкім мен министр бюджетке қазынасы таусылмайтын қоржындай қарайды. Бізде қажетсіз шығындар көп", - деп келтірді Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін.
Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау белсенділерімен кездесу барысында мемлекетті дамытудағы дәстүрдің орнына тоқталды.
"Бұл - мемлекеттің дамуындағы басты кепілдік. Әйтпесе, тұрықтылық та, даму да болмайды. Ұлы дала демократиясы әрдайым әділдікті ұстану принципінен басталады. Мұны жоғалтсақ, адамзат пен ұлт жойылады. Біздің дана халқымыз әрдайым "Әділдік жолы – ауыр жол" деп айтатын. Бірақ біз үшін басқа жол жоқ. Мемлекеттік саясат бірінші кезекте осыны ескеруі тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.