Дариға Назарбаева Президент сайлауына түспейді
2019 ж. 09 сәуір
5053
1

Ағымдағы жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға Сенат төрағасы Дариға Назарбаева кандидат ретінде қатыспайды. Бұл жайында Сенат спикерінің көмекшісі Сәуле Мұстафаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жоқ, Дариға Нұрсұлтанқызы сайлауға түспейді», - деді ол.
Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жолдап, онда 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс Президенттік сайлау өтетіндігін жариялаған болатын.