Сауалнама: Тоқаев - Президент болуға лайықты тұлға
2019 ж. 06 сәуір
4279
7
Елімізде өткізілген сауалнама нәтижесінде сұралғандардың 40% президент болуға үміткерлердің ішінде Қасым-Жомарт Тоқаев үздік үміткер деп санайды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Сауалнамаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және 14 облыс орталықтарының 1813 тұрғыны қатысқан. Олардың 75% әйел болса, 25% ер адамдар. Сауалнама 29-30 наурыз аралығында өткізілген.
Сауалнамаға қатысқандардың көбі Елбасы Н. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне қосқан еңбегінің елеулі екенін атап өтті.
Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандардың 40 пайызы президент болуға үміткерлердің ішінде Қасым-Жомарт Тоқаев үздік үміткер деп санайды. Тек сұралғандардың 5% ғана оған скептикалық көзқараста болған.