Президент бірқатар лауазымды тұлғаны қызметтерінен босатты

Мемлекет басшысының Өкімімен Мұрат Жәлелұлы Майкеев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Мұрат Жәлелұлы Майкеев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметінен босатылды;

Талғат Жеңісұлы Жанжүменов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды;

Қуатжан Серікқазыұлы Уәлиев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.