Тоқаев: Үкіметтегі, жергілікті биліктегі басшылардың үстінен арыз түссе жұмыстан кетеді
2019 ж. 23 наурыз
4466
3
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі атқарушы биліктің жұмысын қадағалайтынын айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі twitter-дегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
Президенттің айтуынша, егер орталық және жергілікті органдардың басшыларына қатысты орынды шағым түскен жағдайда олардың бәрі жазаланады.
"Орталық және жергілікті органдардың басшыларына қатысты орынды шағым түскен жағдайда олардың бәрі жазаланатын болады.", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан жұртшылығымен кездесуде.