Бүгін Ақордада Президент Әкімшілігі басшылығының қатысуымен жиын өтті. Оған Президент Әкімшілігінің Басшысы, оның орынбасарлары, сондай-ақ Президенттің көмекшілері қатысты.
Жиын барысында ішкі және сыртқы саясат, әлеуметтік-экономикалық даму, сондай-ақ қауіпсіздік және құқық қорғау органдарының қызметін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Қазақстан Президенті осы саладағы және халықтың тұрмыс-тіршілігі үшін маңызы бар басқа да салалардағы бағдарламаларды сапалы орындауға баса мән берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев барлық бағыттар бойынша туындайтын проблемаларды шұғыл әрі тиімді шешудің маңыздылығын айтты.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы тиісті жұмыстарды үйлестірудің маңыздылығына тоқталып, Президент Әкімшілігіне барлық тапсырмалардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.