Бақытжан Сағынтаев ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Б.Ә. Сағынтаевты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындау туралы Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын" - делінген Жарлықта.