Ақтөбе облысының әкімі тағайындалды
2019 ж. 26 ақпан
2332
0
Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының жаңа әкімі болып тағайындалды. Түске дейін өңірдің жаңа басшысын Премьер-министр Асқар Мамин таныстырды, - деп хабарлайды baq.kz.
Оңдасын Оразалин бұған дейін Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарды.
«Сенім білдіргендеріңізге алғысым шексіз. Сенімдеріңізді ақтау үшін бар күш-жігерімді саламын», - деді Ақтөбе облысының жаңа әкімі Оңдасын Оразалин.
Ал, Ақтөбе облысының экс-әкімі Бердібек Сапарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі болып тағайындалған болатын. Бердібек Сапарбаев аймақты 2015 жылдың қыркүйегінен бастап басқарды.
«Мені Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі етіп тағайындады. Мен үшін үлкен жауапкершілік. Менің ендігі міндетім – қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттырып, жағдайларын жасау. Ақтөбеліктерге қолдау-көмектері үшін алғыс айтамын. Бірігіп жұмыс атқару нәтижесінде үлкен жұмыстар тындырдық», - деді Бердібек Сапарбаев.