Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті
2019 ж. 07 ақпан
3531
0

Жиында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының іске асырылу барысы және алдағы кезеңге арналған міндеттер, сондай-ақ Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Басқосуда Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына қатысты іс-шараларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтіліп, осы сала бойынша алдын алу шараларын уақтылы әзірлеу қажеттігі айтылды.
Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.