Елбасы Жарлығымен тағы бір ауданның атауы қазақшаланды
2019 ж. 04 қаңтар
2560
0

Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданын қайта атау туралы қаулысы шықты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. ҚазАқпарат құжаттың толық мәтінін жариялайды.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы Бәйтерек ауданы болып қайта аталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаев