Назарбаев әйгілі Ресей миллиардеріне "Достық" орденін тапсырды
2018 ж. 21 желтоқсан
4875
0

Қазақстан президенті I-дәрежелі "Достық" орденін Ресей миллиардері Әлішер Усмановқа тапсырды.
Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Усмановқа бұл орден "мемлекеттік және қоғамдық қызметіне сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін берілген.
Еске салайық, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Усмановты III-дәрежелі "Отанға сіңірген еңбегі" орденімен, ал оның әйелі Ирина Винер-Усманованы II-дәрежелі "Отанға сіңірген еңбегі" орденімен марапаттаған еді.
Биыл тамыз айының аяғында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Усмановқа "Эл-юрт хурмати" орденін тапсырған.