ТАСМАҒАМБЕТОВ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТКІЗДІ
2018 ж. 15 желтоқсан
2970
0
Мәскеуде The Ritz-Carlton қонақүйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау өтті.
РФ Президенті Әкімшілігі, Үкіметі және СІМ өкілдері, Мемлекеттік Дума және Федерация Кеңесінің депуттары, Мәскеуде аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың басшылық құрамы, ғылым және мәдениет қайраткерлері, қазақ диаспорасының өкілдері кеш қонақтары болды.
Өз сөзінде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Иманғали Тасмағамбетов тәуелсіздік алғаннан бастап, Қазақстан өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында қарқынды серпіліс жасағанын атап өтті.
"Бұл жетістіктерге барша қазақстандық халық ұмтылысының, сондай-ақ стратегиялық даналығы әлемдік сахнадағы елдік заманауи келбетін анықтаған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығы арқасында қол жеткізілді", – деп айтты дипмиссия басшысы.
Елші Тәуелсіздіктің бірінші күндерінен бастап бүгінгі күнге дейін Ресей Қазақстан үшін ең жақын досы әрі көршісі болғанын еске салды. Иманғали Тасмағамбетовтің сөзінше, өтіп бара жатқан 2018 жыл екіжақты қарым-қатынастар үшін жемісті болды, барлық мәселелер бойынша өзара әрекеттесудің оң қарқыны байқалды.
Өз кезегінде, РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин қысқа мерзімнің ішінде заманауи үрдіс бойынша бірегей тәжірибе мен дәстүрлерді ескеретін мемлекетаралық қарым-қатынастардың сапалы жаңа моделі қалыптасқанына назар аударды. Оның сөзінше, қос ел достық көршілестік пен өзара түсіністік дәстүрлерінен айнымастығын көрсетіп жүр. "Көреген мемлекет қайраткері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген достарымыздың табыстары бізді таң қалдырады. Біз үшін оның Ресеймен жан-жақты әріптестік және еуразиялық кеңістіктегі экономикалық интеграциялық бағыты ерекше бағалы", – деп атап өтті ресейлік дипломат.
Қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен әйгілі ресейлік бизнес, ғылым және мәдениет өкілдері құттықтап жатты.
"КамАЗ" ӨАҚ бас директоры Сергей Когогин көрші мемлекеттің жетістіктеріне шынайы қуанатынын мойындады. "Біз Қазақстанда көп жыл жұмыс істейміз және өз үйіміздегідей сезінеміз. Бизнесті жүргізу үшін осынша қолайлы жағдайларды әлемнің басқа елінде табу сирек кездеседі. Бізі республиканың экономикасы одан әрі белсенді дамып, тұрақты болып қала беретінене сенім білдіреміз", – деді кәсіпорын басшысы.
Танымал ресейлік актриса Лидия Федосеева-Шукшина қазақстандықтарды мерекемен құттықтады. "Мен Қазақстанды өте жақсы көремін, себебі түрлі фестивальдерге көп рет барғанмын. Онда қандай қонақжай, тамаша, сұлу халық тұратынын білемін. Сіздердің елдеріңізде өзімізді әрқашан еркін және жайлы сезінетімбіз", – деді актриса.
Қабылдау барысында қонақтар салтанатты іс-шараға ұлттық ерекшелік берген қазақ фольклорлық ұжымының өнеріне және Нұрлан Смағұловтың жеке жинақтамасынан қазақстандық суретшілердің туындыларының көрмесін тамашалай алды.