Депутат денсаулық сақтау басқармаларын жауып тастауды ұсынды
2018 ж. 10 желтоқсан
3738
0
Әріптесім Д. Назарбаеваның пікірін толық қолдаймын. Облыстық білім басқармасы мен қалалық, аудандық білім бөлімдері артық құрылымдар.
Қаржы / айлық, оқу құрал жабдықтарға тиісті/ мектептерге тікелей берілу керек. Сол сияқты облыстық денсаулық сақтау басқармасы да қысқартылуы керек. Өкінішке орай Бұлардың бәрі "советтік" заманнан қалған нарықтық жүйеге сәйкес келмейтін сарқыншақтар.
Әрбір емдеу мекемелері жұмыстарына өздері жауап беруі тиіс. Көптеген Европа елдерінде мұндай құрылымдар жоқ. Біз Грузияның тәжірибесін зерттеуіміз қажет. Бұл елде осыдан жеті жыл бұрын мұндай бақылау жасайтын " посредник" органдарды қысқартып тастаған. Білім мен медицина бұл елде ешбір елден кем емес.
Мұрат Бақтиярұлы,
Facebook-тегі жазбасы