Алдымен мектеп оқушылары арасында өткен әдеби-танымдық сайыс 17 мамырда басталды, - деп жазды informburo.kz.
Бұдан кейін мектеп оқушылары арасында басталған ерекше эстафета бүгінде саясаткерлерден қызу қолдау тапты. Ақын Серік Сейтманның бастамасымен эстафетаны "Қазақстан" ТРК Төрағасы Ерлан Қарин журналист Берік Уәлиден қабылдап, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевқа, ал министр оны депутат Геннадий Шиповскийге жолдаған болатын.
Геннадий Шиповский инстаграм парақшасында "Тұлпар мініп, ту алған" ұлттық жобасын қолдау мақсатындағы "Алпамыс батыр" жырын оқу эстафетасын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Абаев Дәурен Әскербекұлынан қабылдап, еліміздің батыры, әріптесім Бақытбек Смағұл ағамызға жолдаймын" деп жазған еді.