Жасұлан ИСА: Қазақты өзге тілде сөйлеуге мәжбүрлеп жүрген өзіміз
2018 ж. 18 қазан
4173
1
Қазақты өзге тілде сөйлеуге мәжбүрлеп жүрген өзіміз! Осыны мен айтып та, жазып та келемін. Қай жерге барсаңызда шет тілі, жалғыз өзі қожайын болып, мемлекеттік тіл шеттетіліп жатады. ХҚКО, Халыққа Қызмет Көрсету Орталығы дейміз. Бүгінгі күнімнің бір-екі сағатын сол жерде өткіздім. Сөйтіп, өз көзіммен көріп, бақылап, өзімше бір зерттеп қайттым. Орталыққа кірісімен, ең алдымен ресепшінде отырған операторларға барып талон аламыз. Сосын барып, қай стөлге баратынымызды, сол талон нөмірі арқылы дауыстап өздері шақырады. Және те, монитордан да қарап біле аламыз. Несі керек, бұл жұмыс тәртібін барлығымыз біліп алғанбыз. Өткенде бір банкке бардым. Іренжіс жоқ. Қазақ тілін тандадым, сол тілде шақыртылдым. Осы жерде де солай, заңды, барлығы дұрыс болуы керекті. Ал бұл жер болса, әдістеніп алғандарына ұқсайды. Кірісімен, операторларға тақап кезекке тұрдым. Осы кезден айта кететінім, менің алдымда тұрған адамдардың жартысынан көбісі, қазақ тілін тандап сөйлесті. Сөз жоқ, таңдалған тілде қызмет көрсетіліп-ақ жатты. Барлығы дұрыс сияқты. Ашуланатындай ештеңе жоқ. Мен де, мемлекеттік тілде тілдесіп, талонымды алдым. «Қызықтың көкесі» әрі қарай басталды. Қолыма түскен талон (Қазақ тілі тандалып, сөйлескеннен кейін, міндетті тұрде талон да сол тілде толтырылуы керек!) орыс тілінде толтырылып басылған екен. Жарайды. Талонымды суретке түсіріп, үндемей ғана бос орынға барып жайғасып, «байқауымды» асықпай отырып жалғастырдым. Жанды дауысты шақыртуларында Қазақ тілінің анда-санда шығып тұрғаны болмаса, орыс тілі басым екені анық болды. Сөйтіп, кезегім келгенде, мені де орысша ақырып шақырғанда, барлығы белгілі болды. Қазақ тілінде, міндетті түрде қарсы алып, (көз бояушылық жасалып) әрі қарайғы жұмыстары осы жерден шектеліп, орыс тілі бір өзі, үйреңгішті «қосбасшы» ретінде жүре береді екен. Олай дейтінім, ХҚКО өз ара сараптама жасап, қорытындыларында «Орыс тіліне сұраныс көп! Сондықтан қазақ тілінің жағдайы осындай» деулері, бек мүмкін. «Орыс тіліндегі талондарды операторлар береді. Кінә солардан» деп, ХҚКО басшысының орынбасары Айбек Анисин "жауабын" берді. Олай емес, тікелей кінә (жауап) өздерінен (басшылардан) екенін түсіндірім. Және, оңды-солды конституциямыз да, басқа да заңдар, адмдардың құқықтары бұзылып жатқанын жеткіздім. Түзетеміз, түсіндіреміз, деп уәдесін беріп, қолымды алып, орынбасары шығарып салды. Сырттағы, көше атауы жазылып бекітілген таяқшасының өзі "жыртылып біткен" екені көрініп тұр. ХҚКО, бүгінгі халы осы. Ендігісін, ертеңгі күн көрсетеді. Жағдай сол күйде, еш өзгеріссіз қалатын болса. Жауаптыларды "тауып" жауапқа тарту керек!
Жасұлан Иса, Қазақ үні