Махмұт Қасымбеков: Министрлер бір жылдың 100 тәулігін жиналысқа қатысумен өткізеді
2018 ж. 05 қазан
3907
0
Бүгін Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Жолдау аясында еліміздің экономикалық әл-ауқатын арттыру, халықтың тұрмысын жақсарту секілді өзекті мәселелерді көтерді.
Бұл туралы newsasia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сонымен қатар, Елбасы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеріп, олардың жұмысын тиімді ету бойынша шаралар жасауды тапсырды.
Атап айтқанда, Назарбаев лауазымды қызметкерлердің жиналыстарға қатысуларын азайту керектігін айтты.
Осы орайда сөз алған Президент Кеңсесінің жетекшісі Махмұт Қасымбеков Қазақстан министрлері мен әкімдері бір жылдың 100 тәулігін жиналысқа қатысумен ғана өткізетінін айтты.
Елбасы барлық шенеуніктерге жиналыстар санын күрт азайтып, нақты жұмыспен ғана айналысуды тапсырды.