ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарабаев Ақордада өтіп жатқан биылғы жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнеске рақымшылық жүргізуді тапсырды, айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
Назарбаев шағын және орта бизнеске рақымшылық жасауды тапсырды
2018 ж. 05 қазан
2899
2
«Үкімет көлеңкелі экономика айналымын үш жылда 40 пайызға дейін қысқарту бойынша шаралар қабылдауы тиіс. Бизнес жұмысын жаңадан бастауы үшін, ақ қағаздан бастау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіші және шағын бизнеске салықтық рақымшылық енгізуді тапсырамын», - деді Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында.
Ол сондай-ақ ол Экономикалық тергеу қызметіне қаржылық мониторинг комитетінің функциясын беру арқылы қайта ұйымдастыру керегін атап өтті.
«Мұндағы негізгі міндет көлеңкелі экономикамен күрес болуы тиіс. Біз қолма-қолсыз экономикаға қарай жылуымыз керек. Қолма-қол болса ол жерде пара алу, бұзушылық болады, экономика көлеңкеде қалып, салық төлемейді, зейнетақы қорына да, әлеуметтік қорға да ақша аудармайды», - деді ол.