Қытай мен жер мәселесін шешу үшін ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫН жасау қажет - Талғат Қатауов
2018 ж. 05 қазан
7537
1
Елімізде қазір күйіп тұрған мәселенің бірі де, бірегейі де - Қытай мен жер мәселесі. Сол себепті елімізде Қазақ Құрылтайын жасап, төмендегі ұлттық мәселелерді көтеріп, оларға тоқтау салып, тосқауыл қою үшін өз наразылығымызды саяси -мәдениетті, жоспарлы түрде жоғары билікке жеткізуміз қажет.
1.Қытайдың елге ағылып келуіне (Қытай экспансиясы)
2.Қытайдың 51 кәсіпорнының (зауыттары) салынуына
3.Елімізде Қытай мектептерінің ашыла бастауына, т.б.
4.Қытайдағы қазақтардың қиын жағдайына
5. ЖЕР МӘСЕЛЕСІ (2020 жылдан кейін жердің шетелдіктерге 25 жылға қайтып жалға берілуіне тосқауыл)
Қазіргі уақытта қытай мен жер мәселесі бойынша әлеуметтік желісі (фейсбук, ватцап) және мақалалар жазу арқылы билікке ой-пікірімізді жазып, наразылығымызды көрсетіп келеміз. Енді осының бәрін жинақтап, барлық өңірдің ұлтшылдары мен қоғам белсенділері және зиялы қауым өкілдері бас қосып, қоғамда үлкен көкейкесті мәселеге айналған ұлттық қауіпсіздігімізге үлкен қатер келтіретін, ұрпағымыздың болашағына орасан қауіп төндіретін және тәуелсіз Қазақ Елінің келешегіне нұқсан келтіретін жоғарыдағы Қытай және жер мәселесін жоғары билікке жеткізуіміз үшін Қазақ Құрылтайын жасауға міндеттіміз! Құрылтайда осы мәселе бойынша қабылданған Қарар жоғары билікке жетсе, халықтың ұсыныс-талабы жартылай болса да ескеріледі деп сенемін!
Талғат Қатауов,
Қазақ үні