Бүгін Палатаның Қаржы және бюджет комитетінің отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасы Қаржы министрі лауазымына тағайындау жөніндегі кандидатура келісілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Парламент Қаржы министрінің кандидатурасын мақұлдады
2018 ж. 18 қыркүйек
2082
0
"Комитет отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын қарап, аталған кандидатураны Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынуға келісті» - делінген парламенттің ресми мәлімдемесінде.
Естеріңізге сала кетейікғ 11 қыркүйек күні бұрынғы Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың Астана қаласы әкімі болып тағайындалуына байланысты, аталған министрлік басшысыз қалған болатын.
Әлихан Смайылов 1972 жылы туған.
1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірген.
1996 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын тамамдап, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.
1993-1995 жылдары – «А-Инвест» инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы.
1996-1998 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы.
1998 жылғы наурыз бен сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Статистикалық жоспарлау және реформалар агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары.
1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспектор.
1999-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Статиститка агенттігінің төрағасы.
2003 жылғы ақпан мен шілде аралығында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі.
2003-2006 жылдары – «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы.
2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі.
2007-2008 жылдары – «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ президенті.
2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі.
2009-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы.
2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы.
2015 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
«1 рангты кеңесші» дипломатиялық рангы бар.