Апта басында ақша айырбастау орындарында доллар 381 теңгеден сатылып жатыр
2018 ж. 10 қыркүйек
2506
1

Апта басында ақша айырбастау орындарында доллар 381 теңгеден сатылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kurs.kz мәліметтеріне сілтеме жасап.
Ұлттық валюта 379-381,5 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астана уақытымен сағат 09.12-де Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 77,31 доллар болды.
KASE қор биржасының 7 қыркүйектегі күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 375,56 теңгеге дейін нығайған еді.