Абзал Құспан: Қазақ мәселесі - Қазақстандағы ең күрделі мәселеге айналып отыр
2018 ж. 07 қыркүйек
8556
4
Қанша жерден оптимист болсамда, елімізде анархия басталғанын мойындамасқа шарам жоқ. Анархия дегенде бәріміздің көз алдымызға бүліншілік елестейді, бірақ ол салдары ғана. Анархия әуелі адамның басынан бастау алады, яғни адамда еліне, мемлекетіне деген сенімсіздік, тіпті жеккөрушілік сезімдер туындаса және ол жаппай сипат ала бастаса, анархияның ауылы алыс емес деген сөз. Қазақ халқының басым бөлігінің мемлекетке адалдығы болғанымен, сол мемлекетті басқарып отырған билік өкілдеріне деген өкпесі қара қазандай. Солардың кесірінен, қазақ мәселесі - Қазақстандағы ең күрделі мәселеге айналып отыр! Қазақ мәселесі тек, тіл, жер, тұрмыс мәселесі емес, осылардың бәрі қосылып кешенді түрде шешуді қажет етеді. Бұл проблеманың алдын алу мүмкін емес, ол межеден әлдеқашан өтіп кеттік, алайда қазақ мәселесіне мойын бұру арқылы, оның бетін қайыруға әлі де болады, мүмкіншілік бар. Өйтпеген жағдайда, қазақ халқының шыдамы таусылады, төзімі түгесіледі, жолындағы кедергінің бәрін талқандап тастайды...
Абзал Құспан, Фейсбук парақшасынан