МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕНСIНБЕГЕН АУРУХАНА БАСШЫЛЫҒЫ КЕШІРІМ СҰРАДЫ (ВИДЕО)
2018 ж. 29 тамыз
7962
0
Кешелі бері әлеуметтік желіде Астана қаласындағы №2 ауруханада болған жағдай қызу талқыланып, қоғамда үлкен резонанс туған болатын. Бұл туралы алғаш болып мәселе көтерген "Қазақ үні" ақпарат агенттігі "СҰМДЫҚ!!! Ресей тілін білмеген адам Астана ауруханасында өлуі керек пе? (ВИДЕО)" атты мақала жариялаған болатын. Аталмыш мақаланы аз уақытта 15 мыңға жуық оқырман оқып үлгерген.
Еске сала кетсек, Мұқағалиға 27 тамыз құлағына операция жасатып, сол күні кешке «Отоларингология» бөлімшесінің 9-палатасына жатқызылған. 28 тамыз палатаға тазалық сақтаушы орыс әйел кіріп, емделушілерге орысша сөйлей бастайды. Мұқағали өзінің орысша түсінбейтінін айтып, мемлекеттік тілде сөйлеуін талап етеді. Алайда әйел қазақ тілінде сөйлей алмайтынын айтып, емделушімен сөзге келіп қалады. Артынша палатаға дәрігер Асхат Николайұлын ертіп келеді. «Дәрігерім мені қорғайтын шығар» деп сенген емделушінің үміті ақталмады. Мұқағалидің айтуынша, дәрігер емделушінің өзіне тап берген. Тіпті «қазақша сөйле деп қақсай берсең, ауруханадан шығасы, шығару туралы анықтаманы да орыс тілінде жазып беремін» деп «қоқан-лоқы» көрсеткен көрінеді.
[caption id="attachment_89304" align="alignleft" width="218"] Заңгер Ж. Иса[/caption]Бүгін заңгер Жасұлан Иса, Марат Ақанов, Айдын Сағи, Дәурен Дсүйсенбиевтер бастаған Астананың бір топ белсенді жастары №2 ауруханаға арнайы барып Мұқағалидің жағдайымен танысып қайтты.
Заңгердің сөзінше, аурухананың бас дәрігері Иван Лиден бастап, екі орынбасары, аталмыш дауға тікелей қатысы бар дәрігер Асхат Николаевич пен санитар қызметкер бәрі жиналып, болған жағдайда өздерінің кінәлі екендіктерін толық мойындады. Сонымен қатар, олар аурухана атынан Мұқағали мен халықтан ресми түрде кешірім сұрады. Бұның алдында "Қазақ үні " сайтында Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Нәдіров те жазбаша кешірім сұрағаны белгілі. Жағдай дұрыс шешілгесін жазушы Жұма-Назар Сомжүрек бастаған бір топ ұлт жанашырлары жолддан қайтты.
Өз кезегінде Мұқағали Балқыбаев та "Қазақ үні" редакциясына алғыс білдіріп, өз құқығының сақталуына септескен жандарға шексіз ризашылығын жеткізді."Қазақ үні" ақпарат агенттігі ұдайы Мемлекеттік тіл мәртебесінің толық сақталуын қадағалап келе жатқан бірден бір басылым. Біз бұдан кейін де ана тіліміздің үстемдік құруын қадағалап, Мұқағали секілді елдің намысты ұл-қыздарына көмек қолын созатынымызды жеткіземіз.
qazaquni.kz