Даниал Ахметов Өскемен әкімінің жұмыстан кетуін талап етті
2018 ж. 13 тамыз
3868
1
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемен әкімі Қуат Тумабаевқа жұмыстан кетуді ұсынды, - деп хабарлайды YK-News.kz.
Мұндай ұсынысты Даниал Ахметов облыс әкімдігінің отырысы кезінде мәлімдеді.
"Меніңше, Қуат Тумабаевтың осындай жоғары лауазымда отыруға моральдық құқығы жоқ. Мен оған өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазуды ұсындым", - деді Даниал Ахметов.
Айта кетейік, Қуат Тумабаев Риддерде адам өлімімен аяқталған жол апатының куәгері болған еді.
Жол-көлік оқиғасы 2018 жылдың 15 сәуірінде шамамен сағат 21.00-де болды. Кейінірек Өскемен әкімінің адам қаққан шенеуніктің көлігінде болғаны анықталды. Жол апатынан ер адам қаза тапқан еді.
Осыған дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің этика жөніндегі кеңесінде Тумабаевтың қызметіне толықтай сәйкес еместігін мәлімдеген еді.