Айдос Сарым: Біз мемлекетке емес, мемлекет бізге тәуелді болу керек
2018 ж. 26 шілде
4051
0
Саясаттанушы Айдос Сарым қазақтарды бесіктен шығып, есеюге шақыруда. Сарапшының айтуынша, балалық қорқыныштардан арылып, есейіп, ер жететін кез келді, ендігі жерде көрші елдермен қызметтесуді үйреніп, толыққанды өмір сүруге ұмтылған жөн, - деп хабарлады kaz.365info.kz.
Қазақстан кіммен дос болу керек?
— Қалай ойлайсыз, Қазақстанға Қытаймен жақындасу қажет пе, әлде Ресеймен бірге болған жөн бе?
— Жалпы, мен бізге Ресей мен Қытайдың біреуін таңдау керек дегенге қарсымен,
ол құлдың таңдауы.
Қожайын іздеу немесе біреудің көлеңкесінде болуға ұмтылу дұрыс дүние емес. Өзіміз жақсы, лайықты өмір сүре алсақ, неге біреудің көлеңкесінде болуға ұмтылуымыз керек. Мемлекет, ел ол көтеріп апарып, Еуропаға немесе Жаңа Зеландия сияқты мемлекеттің қасына апарып қоя салатын сандық емес. Әлбетте, біз осы аталған мемлекеттермен достық қарым-қатынасты болуымыз керек.
Мәселен, Қытайдың маңында оннан астам ірі және шағын мемлекеттер орналасқан, атап айтқанда, 100 милионнан астам халқы бар Вьетнам, Жапония (125 млн), екі Корея (90 млн). Десек те,
әлемде ҚХР-дан қорқатын бірде бір ел жоқ
Қытай нарығы көмірсутегінің, еттің, азық-түліктің кез келген мөлшерін жұтып қояды. Ал Қазақстан үшін бұл өте тиімді, пайдалы қасиет. Осы орайда, Қытаймен жақсы қарым-қатынаста болып, жақын көрші ретінде тату-тәтті өмір сүре білудің маңызы өте зор. Алайда әзірге бұл біздің қолымыздан келмей отыр.
Аспанасты еліне қатысты біздің барлық үрей, қорқынышымыз тарихпен негізделген немесе қытайлықтардың бәсекелестерімен, оның ішінде, ресейліктермен және тағы басқаларымен таңылған.
Олар бізге бүй дейді: «Егер біз болмасақ, Қытай сендерді баяғыда-ақ жұтып алушы еді». Міне, осының өзі нағыз сандырақ емес пе!
Атап айтарлығы, соңғы 35 жылда Қытай ешкіммен соғысқан жоқ. ҚХР біреуді басып алса, ол оны асықпай, жәйлап, ұзақ уақытта экономикалық тұрғыдан басып алады. Осы орайда, естеріңізде болса, Ресей соңғы 10 жылда екі мемлекетпен соғысып үлгерді. Бұдан бөлек, көптеген елдермен қырғиқабақ және ақпараттық соғыс жағдайында отыр.
Сондықтан мұндай жағдайда кімді таңдау керек екендігі белгілі сыңайлы. Тек біз өз отандастарымыздың құқықтарын аяқасты қылмауымыз керек. Қытайда қазақ өте көп тұрады, ал олардың күнделікті тұрмысында шешімін таппай жатқан қиындықтар жетіп-артылады.
Сонымен қатар, біз осындай көршіден экономикалық пайда көру мүмкіндігін тиімді пайдалануымыз керек. Басқа тұрғыдан алғанда, өз басым қытайлықтарды біздің жерге немесе біздің қандай да бір жобаларымызға кіргізуге қарсымын.
Қытай — ұлан-ғайыр ел, алпауыт өркениет, оған ешкімнің қажеті жоқ, ол ешкімге және ешнәрсеге мұқтаж емес. Қытайлықтар Қазақстанға өзінің экономикалық мүдделерін жүзеге асыру үшін кіруге ниетті.
Шынын айтсақ, кіріп те алды — мұнайдың 30 проценті солардың қарауында.
Жалпы, олар елімізге жаман кірген жоқ. Бірақ кейбір жолдастар сияқты
«ойбай, бәрі бітті! Құритын болдық» деп, байбалам салып, оған үрке қараудың да реті жоқ.
Саясатта әйелдердің болуы мүмкін емес
— Сіз әйел-саясаткердің бойындағы қандай қасиеттерді бағалайсыз?
— Саясат — әйел және еркек деп бөлінетін сала емес. Егер сен саясаткер боолсаң, терің қалың болып, кез келген сынды байыпты қабылдай білуің керек. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома.
Американдық саясаттануда political animal — абсолюттік саяси жануар деген түсінік бар. Егер сен саясатқа кірсең, онда барлығына дайын болуың керек, бұл жерде жігіттер серілік жасамайды.
— Егер сіздің қарсыласыңыз әйел болса, сіз оған қол көтере аласыз ба?
— Әлбетте, мен ешқашан әйел адамға жұдырығымды ала жүгірмеймін, бірақ саяси соққы беруге әр уақытта дайын боламын. Ал саяси тартыс аяқталған соң, мен онымен тамаша қарым-қатынаста боламын. Тіпті, кофе ішуге шақыруым да ғажап емес!
— Кеңес Одағының күйрегеніне өкінбейсіз бе?
— Жоқ, оның күндердің күнінде күйрейтіні о бастан белгілі болатын.
КСРО-ның ыдырауы көптеген мүмкіндіктерге жол ашып, орасан зор жетістіктерге қол жеткізуге, өзімізді толыққанды адам, азамат ретінде сезінуге жағдай жасады.
Бесіктен шығатын кез келді
— Қазақстанның болашағы қандай болады деп ойлайсыз?
— Мен болашақта Қазақстан халық тұруға қолайлы, жарқын мемлекет болады деген сенімдемін. Өз басым, ең үздік ел – билікті халық сайлайтын, қадағалайтын, демократия орнаған мемлекет деп білемін. Яғни, ол адамды, оның мүдделерін барлығынан жоғары қоятын ел.
Біз мемлекетке тәуелді емес, керісінше, мемлекет бізге тәуелді болу керек.
Біз әкім, министр, президент үшін өмір сүрмейміз. Біз оларды жалдадық. Егер олар нашар жұмыс істесе, олардың тепкінің астына алатын оңбаған болғаны.
Қазақстан әлемдегі ең озық 30 мемлекеттің қатарына кіруге ұмтылуда. Бірақ көптеген адамдар озық елдер және үлкен елдер деген түсініктерді шатастырады. Мәселен, Қытай 30 озық елдің қатарында жоқ.
— Неге? Ол озық мемлекет емес пе?
— Ел байлығын жан басына шаққанда, Қытай туралы әңгіменің бөлек екені баршамызға түсінікті. Ал егер біз отыз озық мемлекеттің тізіміне көз салсақ, олардың қатарында негізінен Батыс Еуропа мемлекеттері және Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея, Жапония.
Азия елдерінен оның қатарына негізінен демократия орнаған, әр 3-4 жылда сайлау өтетін, нашар саясаткерлер қызметінен кетіп, олардың орнына жөні түзулері келетін, бәсекелестік идеялары үстемдік құрған, премьер-министрді халық тағынан тайдыратын елдер кіреді!
Құдайға шүкір, әлемде халық саны жағынан бізідің елімізбен пара пар шағын мемлекеттер де бар. Мәселен, Норвегия, Сингапур сияқты мемлекеттер, олар ешкімге, ешнәрсені дәлелдеуге ұмтылмайды: олар өз халқы, соған жағдай жасау үшін өмір сүруде. Міне, осы мемлекеттер халқына тамаша білім, өмірдің ең жоғарғы стандарттарын ұсынып, мінсіз медициналық қызмет көрсетуге ұмтылуда.
Бізге де біреуге бір нәрсені дәлелдеуді қойып, есейтін кез келді.
Біздегілер «Аулым менiн бесiгiм» дегенді айтуға әуес. Бірақ айып етпеңіз, қазір егер үш жастан кейін сол қазіргі ауылда қалған адам не өрісі тар, білімі таяз қалпында, не мүлдем нақұрыс күйінде қалады.
Сондықтан мен біздің барлығымыздың бесіктен шығып, толыққанды өмір сүргенімізді, аяғымыздан тік тұрып, жүргенімізді қалаймын. Сол кезде барлығы ойдағыдай болады.
Құдай бермеген түйсікті Сорбоннда бермейді
— Дінге деген көзқарасыңыз қандай?
— Күрделі. Мен көпшіліктің түсінігіндегідей мұсылман емеспін, бірақ кез келген қазақ сияқты кейбір үлкен мағыналы түсіктерге сенемін, оларға шын көңіліммен таң қаламын.
Мен адам қиялы бізді алға, адам баласы сенбейтін әлемге жетелейді деген сенімдемін. Өйткені кейде өмірде адамның сенуі мүмкін емес дүниелер орын алып жатады. Адамның сенімі және оптимизм биік белестерді бағындырады.
Атеизм туралы жақсы, дана сөз бар, —
атеизм — дегеніңіз өте жіңішке мұз, онымен бір адам ған жүріп өтеді, ал бүкіл халық құрдымға кетеді.
Өкінішке қарай, адамдардың көпшілігі табиғатынан әлсіз, оларға дін емес, сенім қажет.
— Өзіңіздің мұрагерлерді қай жерден көресіз және олар қандай болады деп ойтайсыз?
— Әлбетте, Қазақстаннан. Базалық білімді осы жерден алып, оны оның жемісін осы жерде көруге болады. Ал магистратурада оқу үшін мен жастарды шетелге жіберуші едім.
— Бақыт деген сөзді қалай сипаттар едіңіз?
— Бақыт — деген өзінің біреуге керек болуың, саған деген мұқтаждық.
— 20 жастағы өзіңізге қандай кеңес берер едіңіз?
— Ешқандай. Түптеп келгенде, мектеп те, университет те адамға ештеңе бермейді. Әр адам өмірден өзінің шамасы келетін, түйсігі жететін дүниені алады. Мектеп баланы адам етеді, ал университет – азамат, маман етеді. Құдай бермеген түйсікті Сорбоннда бермейді.
Әр адам өмірдегі өз орнын табу үшін басын тасқа да, тауға да соған. Қалай болса да өмірді, оның заңдылықтарын әркім өзі түсінбей, түйсігінен өткізбей, ата-ананың кеңесінің ешқандай пайдасы болмайды.