Нұрсұлтан Назарбаев 78 жасқа толды

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 78 жасқа толып жатыр.

Президент 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтар шаңырағында дүниеге келген.

Айта кетейік, мемлекет басшысын Қытай Халықтық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Елбасына құттықтау жеделхатын жолдап, онда екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын көрсетті. Ал Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев жаңа Қазақстанның бүгінгі жетістіктері мен жеңістері Нұрсұлтан Назарбаев есімімен тығыз байланысты екенін айтты. Құттықтаудан тәжік елінің басшысы да сырт қалған жоқ. Эмомали Рахмон Мемлекет басшысына Қазақстанның игілігі үшін жасап жүрген жұмысына жеміс тіледі. Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга болса Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ-моңғол қарым-қатынасының дамуына ерекше үлес қосқанын атап өтті.