Қазыбек ИСА: ҚАЗАҚ БОЛСАҢ, ҚОЛЫҢА АЛ ДОМБЫРАНЫ!
2018 ж. 01 шілде
6384
2
ДОМБЫРА
Әлем сыйған домбыра шанағына,
Тоғыз перне - толған сыр саналыға.
Қос ішектей қосыла шырқайықшы,
Теңіздей бір тербелсін
Дала мына!
Бар өмірің байланған ән-күйіңе,
Қарсы алады үн қосып әлдиіңе.
Білген кезде дүниенің жалғандығын,
Шығарып сап тұрады Мәңгі үйіңе...
Оны ойласаң көңілге сыз артады.
Домбыра шерт, қаның да қызар тағы.
Өлең дана кеңейтіп өрісіңді,
Өнер ғана өмірді ұзартады
Қанат қақса қияға домбыра үні,
Жүрегіне Қазақтың жол қылады.
Күміс күмбір кеудеге қондырады.
Қанымызды тулатар қасиет бар -
Мәңгілікке сақтайық мол мұраны!
ҚАЗАҚ БОЛСАҢ, ҚОЛЫҢА АЛ ДОМБЫРАНЫ!
Қазыбек ИСА,
qazaquni.kz
(Суреттер Қазақпарат порталынан алынды)