Гейлерге қарсы заңымызды қабылдатпағандар - билікте отырған гейлер...
2018 ж. 28 маусым
14112
1
20 жыл ішінде заңды түрде не ары, не бері шықпаған көп әйел алу мәселесі соңғы уақытта діни сипат алып, тіптен өзектене түсті. Теріс діни ағымды ұстанғандар молда алдына барып, қаншалықты тез некелессе, соншалықты көп "талақ" айтып жүр.
Ал Түрікменстан президенті Гурбаноғлы Бердімұxамедов қол қойған осы елдің неке туралы кодексіне "Түрікменстанда көп әйел алуға жол берілмейді" және де көп әйел алғандар болса, айыппұл төлейді немесе екі жылға дейін түзеу жұмыстарына жегіледі деген өзгерістер енгізілді.
Бұл туралы sputniknews.kz хабарлады.Алдан Смайыл парламент мәжілісінде екі-үш депутат бірігіп, неке туралы кодекстің бір-екі бабына ғана өзгеріс енгізсе болды, Қазақстанда көп әйел алуға заң түрінде тыйым салынады дейді.
"Ол көп қиындық келтірмейді. Бірақ, ондай өзгерістерді депутаттар енгізетін болса, қызтекелерді қорғаштағандай, жоғарыдан қарсы шығатындар табылатыны анық. Сізге шынымды айтайын, гейлерге қарсы заңымызды қабылдатпай, қарсы шыққан билікте отырған гейлер болып шықты" дейді қоғам қайраткері.