Дариға Назарбаеваның қызының тойынан фотолар жарияланды

Facebook әлеуметтік желісіндегі "Есть повод" парақшасында  Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, Дариға Назарбаеваның жалғыз қызы Венераның ұзату және үйлену тойынан фотолар жарияланды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Тойдың фотосуреттерін Никита Басов, Илья Назаренко есімді фотографтар түсірген.

свадьба внучки назарбаева
Ⓒfacebook
свадьба внучки Назарбаева
Ⓒfacebook
свадьба внучки Назарбаева
Ⓒfacebook

Естеріңізге салсақ, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі, Дариға Назарбаеваның жалғыз қызы Венера тұрмысқа шықты.

Венера атақты Шайжүнісовтер әулетінің ұрпағы Даленмен некелесті. Дален Алматыда туып өсті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін бітірген. Венера – қазіргі таңда студент, анасы Дариға Назарбаева бастаған қайырымдылық акцияларымен айналысады.

Той Алматыдағы Ritz-Carlton қонақ үйінің салтанат сарайында өтті. Шараға жастардың ең жақын туыстары мен достары жиналды. Елбасы мен Қазақстан Республикасының бірінші ханымы Дален мен Венераға ақ баталарын беріп, бақытты отбасылық өмір жолында сәттілік тіледі.