Жансейіт Түймебаев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Жансейіт Түймебаев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ж.Қ.Түймебаевты Түркістан облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы

Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының            

Президенті                                           

Н.Назарбаев  

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 20 маусым  

№703