Қытайда із-түссіз жоғалып кеткен ақынның туыстары көмек сұрайды
2018 ж. 07 маусым
5346
1
Бүгін ақын, Нұрсұлтан Назарбаевқа поэма арнаған, президенттің қолынан алғыс хат алған Ертай Сұлтанбектің Қытайда із-түссіз жоғалып кетуіне қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Оған ақынның қарындасы Нұргүл Сұлтанбек, ағасы Жеңісбек Сұлтанбек және белсенді Серікжан Біләш қытысты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ертай Сұлтанбектің жақындары оны 2018 жылдың 25 мамырда Қытай полицейері ұстап кетті деген ойда. Себебі дәл сол күні Ертай Сұлтанбек інісіне wechat арқылы хат жолдаған. Онда мәселені Елбасыға жеткізуін сұраған.
«Дүкен аға, мүмкіндік болса, елбасына жеткізіңіз. Жұңго мен қазақ елінің ұлы достығы тұрғанда менің елбасынан алғыс хат алғаным кінә мә?» деп жазылған хабарламада.
Інісі қайта хабарласқанда телефоны сөндірілу болған. Содан бері оның қайда екені белгісіз. 51 жастағы ақынның әйелі мен балалары туралы да ешқандай ақпарат жоқ. Қазақстанға көшіп келген, Қазақстанның азаматтығын алған жақындары Қытайда қалған туыстарынан Ертай Сұлтанбек туралы ақпарат сұраған, алайда ешқандай мәлімет біле алмаған. Ағасы мен қарындасының айтуынша, Қытайдағы жақындары ақын туралы ақпарат беруге қорқып отыр.
Ертай Сұлтанбектің ағасы мен қарындасының ойынша, оны Назарбаевқа арнап поэма жазғаны үшін ұстаған. «Нұр-ағаның монологы» поэмасы 2008 жылы 30 тамызда «Іле» газетінде қазақ және қытай тілінде жарық көрген.
Жеңісбек Сұлтанбек пен Нұргүл Сұлтанбек Қазақстан билігінен ақынды босатуға көмек сұрады.
Ақынның туыстарының айтуынша, Ертай Сұлтанбек Қазақстан азаматтыңын алмаған. 2001 жылдан бері Қазақстанға келіп, кетіп жүрген.
Белсенді Серікжан Біләштің айтуынша, Қытай концлагердің 3 түрі бар. Бірішісі - "Қайта тәрбиелеу" орталығы деп аталады. Екінші түрі - "Жабайы имамдары тәрбиелеу" орталығы деп аталады. Үшіншісі - кәсіби білікті арттыру орталығы деп аталады. Төртіншісі - "Жылы жүрек. Мейрім. Махаббат" орталығы. Бірақ олардың барлығы - түрме.
"Саяси үйрену орталығындағы адамдарды жақындарымен кездестірмейді. Қытайдың саяси үйрену орталығында отырған азаматтардый айтуынша, ол түрмеден де бетер. Адам зат тарихындағы сұмдық жер. Түрмеге отырып шыққандардың өзі саяси үйрену орталығы одан асып түсетінін айтты", - дейді Серікжан Біләш.