Головкин чемпиондық белбеуінен ресми түрде айырылды
2018 ж. 07 маусым
8364
3
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді ресми түрде әлем чемпионы атағынан айыруға шешім қабылдады, деп жазды sputniknews.kz.
22 мамырда Спрингфилд қаласында тыңдау өтіп, оған Головкин мен оның IBF бойынша міндетті қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко және олардың командалары қатысты. IBF екі тарапты да тыңдап, бүгін шешім шығарды. Геннадий Головкин IBF белбеуінен ресми түрде айырылады, өйткені 3 тамызға дейін Деревянченкоға қарсы міндетті жекпе-жекке шығудан бас тартты.
Естеріңізге сала кетсек, Головкин әуелі Сауль Альвареспен шаршы алаңда кездесуі керек болатын, алайда келіссөздер қаржылық келіспеушіліктің салдарынан тығырыққа тірелді. Сонымен бірге, WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен жекпе-жекке шығуы мүмкін деген болжам айтылып жүр.