"Тиімсіз әрі шығыны көп". Министр менингиттен вакцинациялау туралы
2018 ж. 04 маусым
2493
1
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингиттен вакцинациялауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Нормативтік-құқықтық базамызға сәйкес, вакцинация бойынша шешімді жұқпалы арулар бойынша ұлттық координациялық консультативтік комитеті шығарады. Отырыс өткен аптада өткен, оған инфекционистер мен эпидемиологтар енді. Олар вакцинация енгізу мәселесін қазір ерте және менингит бойынша вакцинация жүргізуді ұлттық күнтізбеге енгізуге қажеттілігі жоқ деген шешім шығарды. Бұл тиімсіз әрі шығыны көп шара болар еді", - деп мәлімдеді министр.
"Ауру жұқтырғандардың саны орташа-бақылаудағы деңгейде", - деді Елжан Біртанов.