Томирис Байсафаның қаза болуына қатысты іске Тасмағамбетов араласты
2018 ж. 02 маусым
7055
0
Қазақстандық дипломаттар Томирис Байсафаның қайтыс болуына қатысты істің тергелу барысын жіті қадағалауда. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов бұл іске тікелей араласты.
Бұл туралы "Қазақ үні" порталы КТК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
[caption id="" align="aligncenter" width="525"] Томирис Байсафа. Фото: BNews.kz[/caption]Мамырдың 18 күні Тасмағамбетов Ресейдің Тергеу комитетінің бірінші басшыларымен жеке кездесіп, бұл істің ашық әрі әділ жүруін талап етті.
Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, ресейлік тарап та істің әділ өтуіне толықтай құлық танытуда.