Үкімет шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау бойынша Іс-шаралар жоспарын бекітті

Үкімет 2018-2022 жылдарға арналған шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау бойынша Іс-шаралар жоспарын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоспар Қазақстан Республикасы Президентінің V Дүниежүзілік қазақтар құрылтайында берілген тапсырмасын орындау мақсатында бекітілген. Нақтырақ айтсақ, қазақ диаспоралары өкілдерін Қазақстандағы білім беру мекемелерінде оқытуға арналған стипендиаттық бағдарлама жасау, шетелдегі қазақ мектептері мен қазақ мәдениет орталықтарын гуманитарлық бағыттағы оқулықтармен және әдістемелік көмекші құралдармен қамту, сондай-ақ, шетелде қазақ мәдени орталықтарын ашу қарастырылып жатыр.

Сонымен қатар, "Алыстағы ағайын" фильдер циклі түсіріледі. Бұл фильмдер шетелдегі белгілі қазақтар жайлы болады. Шетелде тұрып жатқан қазақтарға Қазақстанда бизнесін дамытуға жағдай жасау механизмдері қарастырылады. Құжатты толығырақ мына жерден оқуға болады.