Елбасы Пашинянді үкімет басшысы болып сайлануымен құттықтады
2018 ж. 10 мамыр
2245
0
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянға Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.
Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына сайлануымен құттықтады. Қазақстан президенті Никол Пашинянның басшылығымен Армения екі ел арасындағы қатынасы одан әрі кеңейетініне сенім білдірді.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинян басқарған Армения орнықты дамуға және ел тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатты жалғастыра беретініне сенімді екенін атап өтті.
«Екі мемлекет арасында қалыптасқан достық пен өзара түсіністік қатынастар Қазақстан мен Арменияның өзара ықпалдастығын дәстүрлі серіктестік рухында кеңейте түсу үшін және халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да берік негіз бола береді деп сенемін», – делінген жеделхатта.